«Оқжетпестегі» оң өзгерістер
Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:27
Халықтың денсаулығын сақтаужәне ел тұрғындарынакөрсетілетін медициналыққызметті жақсарту әрқашандаЕлбасының назарында. ҚазақстанПрезиденті Нұрсұлтан Назарбаевбиылғы Жолдауында бұл мәселегеарнайы тоқталды және Үкіметпен Денсаулық сақтауминистрлігіне, осы саланыңжауапты адамдарына нақтытапсырмалар берді. Елбасытапсырмасы бойынша Шортанды– Бурабай курорттық аймағындамыту туралы мемлекеттікбағдарлама қабылданғаны белгілі.Бүгінгі таңда
Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:27
Халықтың денсаулығын сақтаужәне ел тұрғындарынакөрсетілетін медициналыққызметті жақсарту әрқашандаЕлбасының назарында. ҚазақстанПрезиденті Нұрсұлтан Назарбаевбиылғы Жолдауында бұл мәселегеарнайы тоқталды және Үкіметпен Денсаулық сақтауминистрлігіне, осы саланыңжауапты адамдарына нақтытапсырмалар берді. Елбасытапсырмасы бойынша Шортанды– Бурабай курорттық аймағындамыту туралы мемлекеттікбағдарлама қабылданғаны белгілі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Іс басқармасыныңқолдауымен «Оқжетпес» шипажайында біраз іргелі істер атқарылуда.Соның бірі ретінде біздің шипажайды ұлғайту жөнінде қаулықабылданды. Соған сәйкес шипажай жанынан тағы да 100 нөмірлік, 200орындық ғимарат салынатын болды. Шипажайдың демалушылардықабылдау көлемі ұлғайған соң, емдеу корпусын кеңейту көзделіп отыр.Емдеу орындарына жаңа технологияларды енгізу қарастырылған. 2011жылдың аяғында жаңа технология жетістіктерімен жасалған сегізмедициналық аппарат алынды.
Өткен жылы шипажай төңірегінде радон шығатын ұңғыма ашылды. Одан шыққан судың құрамы сараптамадан өткізілді. Алматыдағы кардиология ғылыми-зерттеу институтының лабораториясы және Көкшетаудың гидрогеология ұйымының сараптамасы негізінде радонды емдеу тәсіліне қолдануға рұқсат алынды. Әрі Көкше баурайының ауасы таза. Қарағайлы орманы – жанға шипа. Демалуға келген адамдарға серуендеу бағыттары ұсынылады. Біреуге 500 метр болса, енді біреуі бір не екі километр таза ауада Бурабай көлінің жағасында немесе таудың етегінде демалып жүреді. Оның да емдік қасиеті мол. Арнайы демалушылардың серуеніне арналған жолдар жасалды.
Соңғы жылдары бізде де спорттық іс-шараларға, дене шынықтыруға баса мән берілуде. Біздің шипажайда үлкен әмбебап спорт зал бар. Онда демалушылар шағын футбол, волейбол, үлкен теннис ойнайды. Үстел теннисі де бар. Тренажерлік құрал-жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар, су бассейнінің жанында фитнес залы бар.
Жыл санап демалушылар қатары арта түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығының жолдамасымен бізге келген адам саны өткен жылы 950 болды. Алдыңғы жылы 750 болған еді. Ал биыл 1500 адамға тапсырыс беріліп отыр. Соған қарап, сұраныстың екі есе арта түскенін көруге болады. Сонымен қатар, келісім-шарт бойынша бірқатар ірі-ірі кәсіпорындармен жұмыс істеп келеміз. Сол секілді зейнеткерлікке шыққан әскери адамдарды сауықтыруға арналған бағдарлама бар. Оның сыртында өз еркімен келіп, «емделейін, денсаулығымды түзейін» деген адамдардың саны жыл сайын көбейе түсуде.
Бізге өз елімізден басқа шетелден де келеді. Әсіресе, Ресейдің азаматтары көбірек келіп, демалады. Соның ішінде Түмен, Челябі облыстарынан және Екатеринбург қаласынан келеді. Көрші елдің туристік агенттіктері арқылы тапсырыс берушілер көп. Бұрын көбіне жазда келетін-ді. Соңғы жылдары шетелдік демалушылар қатары қыста да, көктемде де, күзде де үзілген жоқ.
Шипажайда балалардың тынығуына барлық жағдай жасалған. Арнайы ойын алаңы бар. Биыл оны тағы да кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Оның сыртында спортзал жанынан балабақша іспеттес балалар бөлмесі ашылды. Мәселен, ата-аналары емдеу-сауықтыру процедураларын алуға кеткен кезде арнайы бөлінген тәрбиеші балаларды ойнатып, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады, сурет салудан, ән айтудан байқаулар өткізеді. Спортзалға алып барып, спорттық ойындарға баулиды.
Бізге келген демалушылар рақметтерін айтып, алғыстарын жазып кетіп жүр. Көп адамдар біздің демалушыларға беретін тамағымызды өте мол, құнарлы, нәрлі деп мақтайды. Өйткені, тынығушылар төрт мезгіл тамақтанады. Бұл бұрыннан қалыптасқан дәстүр, соны сақтап келе жатырмыз.
Мұнда мамандар тұрақты жұмыс істейді. Жартысынан астамы байырғы қызметкерлер. Шипажай ұжымы ұйымшылдығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Оларға қойылатын талап та жоғары. Демалушыларға өте мәдениетті, өркениетті түрде қызмет көрсету – басты міндетіміз. Әр салада өз маманы еңбек етеді. Сондықтан ұжымдағы дәрігерлер де, медбикелер де демалушыларға жақсы көңіл-күймен қызмет жасайды.
Әрбір дәрігер халықтың денсаулығын жақсарту туралы ойланатыны анық. Осы орайда айтарым, әр азамат өз денсаулығын өзі ойлауы керек. «Мен ертең-бүрсүгіні ауырамын, өкімет мені емдеп алады» деген ойдан әлдеқашан арылатын кез келді. «Денсаулық» пойызы шығып, еліміздің барлық өңірлерін аралап, азаматтарымыздың денсаулығын тексерді. Адам дертке шалдыққанын бірден аңғармайды. Ал ауру асқынып кеткен кезде оны емдеп алу өте қиынға түсетіні сөзсіз. Сондықтан үш жыл бойы Қазақстанның түкпір-түкпірін аралаған «Денсаулық» пойызы мыңдаған адамдардың жаңа басталған дерттерін анықтап, дер кезінде емделуіне жол ашып берді. Сонымен қатар, қазір емханаларда ашық күн жариялау дәстүрі бар. Барып қаралайын деген адамдарға есік ашық. Тегін қызмет көрсетіледі. Оның сыртында әр емханада тіркелген адамдар жыл сайын тексеруден өткізіледі. Халықтың дені сау болуы үшін аурудың алдын алудың маңыздылығы зор. Жалпы, еліміздің әр азаматы өзінің дені сау болуы үшін және халықтың денсаулығын ойласа, жылына бір рет медициналық тексеруден өтуі міндетті. Мысалы, Қазақстан Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында тіркеуде тұрған азаматтарды жыл сайын тексеруден өткізіп тұру дәстүрі сақталған.
Шынын айту керек, жылдан жылға халықтың денсаулығы жақсарып келе жатыр. Оны газет-журналдар жазып жатыр, телеарналар көрсетуде. Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова дүниеге келген нәрестелердің шетінеуі, босанатын аналардың өлімі азайғаны туралы мәліметтер келтірді.
«Оқжетпес» шипажайына әр түрлі науқастардан айыққан адамдар келеді. Соның ішінде жүрек, қан тамырлары ауруларына шипа іздеп келетіндер бар. Кардиолог маманымыз қан қысымын тексереді. Өткен жылы бір тәулік бойы адамның қан қысымы қандай деңгейде өзгеріп тұратынын анықтайтын аппарат алынды. Ол құрал адамның қай мезгілде қан қысымы көтеріледі, түседі, соның бәріне мониторинг жасайды. Соған байланысты емдеу шараларын белгілейміз. Оған қосымша демалушы адам электоркардиограммаға түсіріледі.
Соңғы жылдары Қазақстанда кардиохирургия саласы жақсы дамып келеді. Алматыда кардиохирургия ғылыми-зерттеу институты өз жұмысын бастады. Облыстардың барлығында кардиохирургия орталықтары ашылды. Жүрекке ота жасалғандар ауруханадан кейін қайда барады? Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі оларды отадан кейін сауықтыру жөнінде бағдарлама жасады. Сауықтыру шараларының белгіленген стандарттары бар. Соған орай байқаулар өтсе, соған қатысып, бағдарлама аясында адамдарды сауықтыруға үлес қосамыз деген ойдамын.
Халқымыздың аяулы перзенті, ақын Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау поэмасына арқау болған сұлу Көкшенің баурайында, Бурабай көлінің жағасында орналасқан «Оқжетпес» шипажайының атақ-даңқы алысқа кеткені анық. Халықтың денсаулығын жақсартуда бұл емдеу орталығының рөлі айрықша. 2006 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сумен және климатпен емдеу федерациясы Бас ассамблеясының шешімімен «Оқжетпес» емдеу орталығына «Әлемнің үздік шипажайы» атағы берілген болатын. Енді жуырда ғана осы емдеу-сауықтыру кешені «Еуропалық сапа» халықаралық марапатына ие болды. Бұл – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шортанды-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөнінде берген тапсырмасының нәтижесі. Соған орай қабылданған мемлекеттік бағдарлама аясында кешенді істер жүзеге асырылды. Мұндай марапаттарға ие болуымызға осы шипажай ұжымының да қосқан үлесі зор.
Ертай СӘРСЕБЕКОВ,
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор.