Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын» деп атап көрсетілген болатын.

Жергілікті жерлерде шын мәнінде ұлт болашағын қалыптастыруға тікелей қызмет ететін білім ошақтарының ішінде үш ауысымды мектептердің ахуалы алаңдатарлықтай. Ақмола облысында 11 мектеп үш ауысыммен жұмыс істейді. Осы білім ошақтарындағы әуел баста 4637 оқушыға шақталған орында биылғы оқу жылында 14867 оқушы қысылып-қымтырылып білім алуда. Тіпті есепті орыннан үш еседен артық оқушы білім алып жатқан жайлар да бар. Бала саны шамадан тыс көп білім ошақтарындағы жағдай дабыл қағарлық деңгейде.
Алдымен облыс орталығында қалыптасып отырған ахуал туралы сөз сабақтайтын болсақ, үш ауысыммен жұмыс істейтін мектептердің жылдар бойы қаншама қиындықты бастан кешіріп отырғандығын айтуға тиістіміз. Орталықтағы №1 орта мектеп өткен ғасырдың сексенінші жылдары пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері жақсы дәстүрлер қалыптасқан, сапалы білім үрдістерімен қала тұрғындарының құрметіне бөленген білім ошағы. Мектеп әуелде 419 оқушыға лайықталып салынса, қазір мұнда 1880 оқушы білім алуда. Былайша айтқанда, төрт еседен жоғары.
– Бала санының күрт көбеюі ауыл тұрғындарының облыс орталығына көшіп-қонуынан болып отыр, – дейді Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов, – 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып, үш мектептің жанынан қосымша ғимарат салу межеленуде. Қаладағы №6 мектеп-лицейі мен №13 мектеп-гимназияға да дәл осындай жағдай жасалмақ.
Білім бөлімінің басшысы айтып отырған №6 мектебі 462 оқушыға лайықталып, 1973 жылы пайдалануға берілсе, қазір мұнда 1635 оқушы оқиды. Енді дәл осы мектептердегі жағдайды көз алдыңызға елестете беріңіз.
Біздің ойымызша, бұл да бүгінгі қалыптасып отырған мәселені түбегейлі шеше алмайды. Тығырықтан шығу үшін облыс орталығында жаңа мектептер салу керек. Бұл мектептердің дені жергілікті ұлт тілінде тәлім-тәрбие беретін білім ошағы болғаны жөн. Білімнің қара шаңырағы саналатын Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында көптеген оқушы қаланың қияндағы шағын аудандарынан келіп оқып жүр. Олардың арасында бастауыш сыныптың оқушылары да бар. Қыстың көзі қырауда қатынау да қиын. Үш ауысымды мектептерге түскен салмақты жеңілдеткен кезде осы мәселені ескерген дұрыс.
– Отбасымызда үш кішкентайымыз бар, – дейді қала тұрғыны Динара Нұрташева, – бәрі де бастауыш сыныптарда оқиды. Таңертең кішкентайымызды қолынан жетектеп апарсақ, екіншісін сағат 11-дің кезінде жеткізуге тиістіміз. Ал үшінші баламыз екінші ауысымда оқиды. Кішкентай балалар болған соң жолдан өте алмайды. Әрқайсысын апарып, алып келу керек. Өзім жұмыс істеймін. Бар күнім бала жетектеумен өтеді. Күнімен қайта-қайта жұмыстан сұрана берген соң қадірің де кетеді.
№6 мектеп-лицейінің директоры Айшолпан Самбаеваның айтуына қарағанда, ең басты қиындық пән кабинеттерінің жетіспеушілігінде. Қаланың бұл аймағында көпқабатты үйлердің салынуына байланысты балалардың да саны арта түскен. Қазіргі тәртіп бойынша ата-аналар балаларын қай мектепте бергісі келетіндерін өздері таңдайды. Мектеп-лицейдің әр білім жылындағы табысы толымды болған соң балаларын осында беруге тілек білдірушілер де көп екен.
Оқушы балалар санының күрт көбеюінің бір себебі, ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасы айырмашылығының алшақтығында. Бауыр еті балаларына заман талабына сай білім бергісі келетін ата-аналардың бір шоғыры жеткіншектерін қалалық жерде оқытуға ұмтылуда. Тіпті кісіге күні түсіп ет жақын туыстарының үйіне орналастырып оқытып жатқандар да аз емес. Бұл үшін әрине, ата-аналарды ешкім де кінәлай алмаса керек. Ендігі заман ІТ-технологиясын меңгергендердікі. Осы жайды көзімен көріп отырған олар да ұрпағының жан-жақты білім алып жетілуін қалайды.
Астананың іргесіндегі Целиноград ауданы көшіп келіп қоныстанып жатқан халықтың көптігінен бірқатар әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері қордаланып қалған жер. Сол мәселелердің ішінде білім ошақтары да бар. Оқушы балалар да көп. Мәселен, осы аудандағы Семеновка №11 негізгі мектебі 70 орындық болса, үстіміздегі оқу жылында 149 оқушы білім алуда. Ал Қоянды орта мектебі 900 орындық болса, онда 2783 оқушы оқиды. Шұбар ауылының тұрғындары да дәл осы қиындықты бастан кешіп отыр. Осы елді мекендегі №37 негізгі мектеп бар болғаны 58 орындық. 1962 жылы іргесі қаланған білім ошағында қазір 159 оқушы қысылып-қымтырылып білім алуда. Оны айтасыз, Қосшыдағы №2 орта мектеп те екі иығынан ентігіп демалып тұр. Білім ошағы 1200 оқушыға лайықталып салынса, бұл жерде 3534 оқушы оқиды. Ал Қажымұқан ауылындағы 1960 жылы салынған көне мектеп бар болғаны 67 орындық болса, қазір онда 446 оқушы оқиды.
Оқушылар мөлшерден тым көп болғаннан кейін сапалы білім, саналы тәрбиенің де ақсайтындығы белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай, пән кабинеттерінің жетіспеушілігі өз алдына, өзге пәндерді талапқа сай өткізуде қиындық туатыны айтпаса да түсінікті. Ата-аналардың айтуына қарағанда, спорт залы да, асхана да тарлық етеді.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, Қосшы ауылында 1200 орындық жаңа мектеп салу межеленіп отыр екен. Сондай-ақ Шұбар ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысына да кеңейту мақсатында өзгерістер енгізілетін болады. Қажымұқан ауылында 300 орындық жаңа мектеп салынса, үш ауысымды мектептің зарын көптен бері тартып келе жатқан Щучинск қаласында 800 орындық жаңа мектеп салынады. Үміт отын тұтататын осындай жоспарлар бар.
Межеленген жоспар 2021 жылы жүзеге асқанда біршама жақсылықтың болары анық. Маңызды мәселені мәнді етіп, уақытын тым созбай шешу үшін егжей-тегжейлі кешенді жұмыс қажет.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Egemen Qazaqstan»
Ақмола облысы
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар