19 Мамыр, 2012

Бірлік деген ұлы күш

921 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бірлік деген ұлы күш

Сенбі, 19 мамыр 2012 8:35

Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстар өкіл­дерінің басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғырту» тақы­ры­бын­да өтті. Онда Мемлекет басшысы, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаев  сөз сөйлеп,  жаңару кезеңінің бас­ты құндылықтары мен әлеуметтік, экономикалық  даму қадамдарын тағы бір саралап берді. Этносаралық, конфес­сия­аралық татулыққа, қоғам бірлігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келе жатқан  саяси институт  алдына тың  міндеттер жүктеді. 

Сенбі, 19 мамыр 2012 8:35

Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстар өкіл­дерінің басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғырту» тақы­ры­бын­да өтті. Онда Мемлекет басшысы, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаев  сөз сөйлеп,  жаңару кезеңінің бас­ты құндылықтары мен әлеуметтік, экономикалық  даму қадамдарын тағы бір саралап берді. Этносаралық, конфес­сия­аралық татулыққа, қоғам бірлігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосып келе жатқан  саяси институт  алдына тың  міндеттер жүктеді.  «Қазақстандық толеранттылықты нығайту – бәрі­нен бұрын, Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайту мен да­мыту. Бізге Ассамблеяның өңірлердегі жұмысын сапалық тұрғыда күшейту қажет. Оларда  тәжірибелі және беделді кадрлар жұмыс істеуі керек», деп атап көрсетті Елбасы.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессия­сын ұйымдастырушылар Прези­дент­тің талабын жан-жақты ескергені байқалды. Облыс әкімі, об­лыстық Қазақстан халқы Ас­сам­блеяның төрағасы Серік Бі­ләлов өз баяндамасына бірліктің берекелі бесігіне айналған, әлім­сақтан қалыптасқан өңірлік ұлт­аралық татулық пен достықтың тамырлы тәжірибелерін арқау ете отырып, тұрақтылық, бірлік, жаңғырту ұғымдарын үндестіру, үйлестіру, мемлекетіміздің тірегі саналатын қасиетті құндылық­тар­ды орнықтыру мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті. Облыста экономикалық, әлеуметтік салалар бойынша атқарылып жатқан ауқымды шаралар мен үдемелі үдерістерді тілге тиек етті. Ин­дус­трияландыру картасы аясын­да 2014 жылға дейін 30 ин­вес­тициялық жоба жүзеге асатын бо­лады. Олардың құны 43 миллиард теңгені құрайды. Осылай­ша Жолдау қағидаттарына ерекше басымдық беріліп, тұрғын­дардың өмір сапасын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту қашанда бас­ты міндет болып қала береді, деді аймақ басшысы.

Жиында тілдің үштұғыр­лы­ғы, оның ішінде барша қазақ­стан­дықтарды біріктіретін мемлекеттік тіл жайы, Елбасы ұсын­ған Малайзия тәжірибесін кеңі­нен пайдалану төңірегінде тұ­щым­ды ойлар өрбіді. Облыстық ассамблея құрамындағы “Видергебурт” неміс этномәдени бірлестігі мен Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары жер­­гілікті қауымдастығының өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудегі тәжірибесі қолдау тапты. Жас­тардың білім алуы, лайықты қо­ғам­дық жұмысқа араласуы, еңбек етуі, қолжетімді баспанаға ие болуы, спортпен шынығуы мәселелері хақында да келелі ойлар айтылды. 11 этномәдени бір­лестік құрамында жастар клуб­­тарының құрылуы әлі де аздық етеді. Бұл орайда “Жас Отан” жастар қанатын алда іргелі істер күтіп тұр.

Сессияда сөйлеушілер ішінде халықаралық «Қазақ тілі» қо­ғамы облыстық ұйымының төр­ағасы Кәрібай Мұсырманның үні жалынды шықты. Тіл жан­ашы­ры алқалы кеңестерде қазақ­ша сөйлеуді қалыпты дәстүрге айналдыратын кез жеткенін, тілдік орта осындай қадамдардан басталатын, облыс әкімі Петропавл қаласы мен аудандарда қа­зақ мектептерінің санын көбей­туге тапсырма бергенін, ендігі белсенділік өзімізге, алдымен қа­зақтарға байланысты екенін еске салса, мемлекеттік тілдің мәр­тебесін көтеруге қатысты ұсыныстарды Петропавл қала­лық ардагерлер кеңесінің төр­аға­сы Григорий Кухарь, №17 ұлт­тық өркендеу мектеп-кешенінің армян тілінің мұғалімі Сильва Асланян да қуаттады. Әзербай­жан этномәдени бірлестігі жанындағы жастар клубының же­текшісі Тамам Мамедова жас­тарды мемлекеттік тілді мең­ге­ру­ге үндеді. Парламент Мәжілі­сі­нің депутаты Егор Каппельдың сөзі Елбасы тапсырмаларын орын­дау баршамыздың міндетіміз деген пікірлермен сабақтасты.

Сессиядан кейін бірқатар аза­маттар Президенттің Жар­лы­ғына сәйкес “Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық “Бір­лік” алтын медалімен марапат­талды. Алғыс хаттар табыс етілді. Сессияға қатысушылар облыс тұрғындарына арнап үндеу қа­былдады.

Облыстық Қазақстан халқы Ас­самблеясы төрағасының орын­­ба­сары болып “Видергебурт” неміс этномәдени бірлес­ті­гінің төр­айы­мы Эльвира Ковзель сай­ланды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Егемен Қазақстан”.

Солтүстік Қазақстан облысы.