20 Ақпан, 2019

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

756 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Казгидромет 21-23 ақпанға арналған ауа-райы болжамын ұсынады.

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Көктемгі процестерге тән барикалық құрылымдардың тез ауысуын ақпан айында байқаймыз. Өткен тәулікте қар жауып, боран, күшті батыс желдері және Қазақстанның көптеген облыстарда жылу тудырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыды. Оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстік-батыс аудандарынан антициклон жылжып, онымен бірге жауын-шашын тоқтап және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Бірақ ол ұзақ емес.

Қазақстанға кезекті жауын-шашын мен жылу әкелетін келесі Атлантикалық циклон қалыптасуда.