Қазақстан • 20 Ақпан, 2019

Аккредитация мәселесінде журналистердің пікірі ескеріледі - Д.Абаев

597 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді аккредитациялау ережелерін кеңінен талқылауды тапсырды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа отырысында мәлімдеді.

Аккредитация мәселесінде журналистердің пікірі ескеріледі - Д.Абаев

«Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредитациялау ережелерінің жобасын ерекше атап өткім келіп отыр. Вице-министр Нұргүл Өсербайқызы Мауберлиноваға аталған жобаны кеңінен талқылауды тапсырамын. Журналистердің барлық ұсыныстары мен ескертулерін қамту қажет. Аккредитациялау ережелері тек консенсус негізінде ғана қабылдануы шарт. Бұқаралық ақпарат құралдарының пікірлерін барынша ескеру керек» деді Д.Абаев.

Естеріңізге сала кетсек, кешегі Үкімет отырысынан кейін министр журналистерді аккредитациядан өткізу және тақырып бойынша пікір білдірген болатын. Министрдің айтуынша, журналист нақты бір маманның құзіретіне жататын кез келген сұрақты қоюға құқылы. Бірақ іс-шара басқа тақырып бойынша өтуі мүмкін. Ал модератор сол тақырып бойынша сұрақ қоюға талап етеді.

«Енді модератор алдын ала тақырыпты жариялап, тек соған қатысты сұрақ қоюға өтініш жасай алады. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бірақ іс-шарадан кейін маман, я болмаса, шенеунік өз құзіретіне жататын кез келген сұраққа жауып беруге міндетті. Ол үшін журналистің аккредитациясын ешкім алып қоймайды. Аккредитация туралы ережелерде ыңғайсыз сұрақтарға қатысты ештеңе жазылмаған» деді Д.Абаев журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің қарағанда, ережеде ыңғайсыз сұрақтарға қатысты ештеңе жазылмаса да, модератордың тәртібі сақталмаған жағдайда журналистті аккредитациядан айыру мәселесі бар. 

Біз оны алып тастайтын шығармыз. Сосын аккредитациядан өткен журналистрдің санына қатысты бір мәселе бар. Біз барлық редакцияларды қамтуға тырысамыз. Бірақ кей басылымдар 5-7 журналисті аккредитацияға жібереді. Содан орын жетпей жатады. Ол жағын да қарастырамыз. Аккредитация үшін журналистің келісімшартын көрсету міндетін де алып тастаймыз» деп атап көрсетті Д.Абаев.

Осы орайда министр журналистерді жазбаша ұсыныс беруге үндеді. Аталған тақырыпты кеңінен талқылау үшін арнайы жиналыс та өткізуге келісті