Қазақстан • 20 Ақпан, 2019

Астана қаласы денсаулық сақтау жүйесінің негізгі басымдықтары аталды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші айтарлықтай азайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астана қаласы денсаулық сақтау жүйесінің негізгі басымдықтары аталды

«Медицина бойынша бізде төрт басымдық бар: аурулардан болатын өлім-жітімді азайту, тиімді алдын алу мен емдеу мақсатында инфрақұрылымдарды құру, кадрларға арналған әлеуметтік пакет және жабдықтау мен инновация» деді Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, елордада қан айналымы жүйесі (-18%), инфаркт (-9%), гипертония (-8%), онкология (-8%) бойынша көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды.

«Бұл сандармен ондаған мың науқастың өмірі байланысты. Орта есеппен өлім-жітім 10%-ға төмендеді» деп атап өтті қала әкімі.

Астананың ауруханалары мен медициналық орталықтары ел бойынша көптің көңілінен шығып жүр. Елордалық клиниканың әрбір бесінші науқасы еліміздің аймақтарынан келеді. «Үйдегі дәрігер» бірегей жобасын астаналықтардың мақтанышы деп атауға болады. Оның ерекшелігі – ықшам емдеу амбулаторияларының желісін құру үшін тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын пайдалану. Олар кез келген тұрғын үшін қолжетімді болуы тиіс.

«Дәрігерлер доктринасы емдеу емес, алдын алу жағына қарай жылжып келеді. Скрининг, гипердиагностика және әйелдерге, әсіресе көпбалалы әйелдерге қамқорлық жасау өз жемісін береді», деді Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар