20 Ақпан, 2019

Ақтөбеде «Welcome to Aqtobe» тележобасы басталады

119 реткөрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Ақтөбе тарихындағы алғашқы ситком жанрындағы «Welcome to Aqtobe»  тележобасының тұсаукесері өтті.

Телехикаяның продюсері, «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе филиалының директоры Ернұр Бураханның айтуынша, аталмыш жоба «Жастар жылы» аясында, сондай-ақ, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Қазақстан РТРК» АҚ басшылығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

«Welcome to Aqtobe» өмір, достық, шынайы достықтың қалыптасуы,  махаббат пен сатқындық туралы әңгімелейді, жалпы алғанда, Ақтөбедегі студент жастардың өзекті мәселелерін көрсетеді. Хикаяның сегіз  кейіпкері Ақтөбеге аудан орталықтарынан, Қазақстанның әртүрлі қалаларынан, сондай-ақ, шетелден келген. Картинаның негізгі әрекеттері студенттер жатақханасының төрт қыз және төрт жігіт тұратын екі бөлмесінде өтеді.  Фильмде кейіпкерлер  түрлі жағдайларға тап болып, орын алған оқиғаларға  әр түрлі жауап беретін болады. Он серияның ішінде әрбір әрекет етуші тұлғаның сипаты мен тағдыры ашылып, көрермендер кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап-ақ  олардың әрқайсысының жеке басын біле алатын болады», - дейді продюсер сюжеттің желісі туралы.

Идеяның авторы Азамат Айнағұлов, сценарийін жазған Өркен Мұқақов.

«Бұл жүз пайыз ақтөбелік өнім. Біз оны барынша шынайы әрі қызықты етуге тырысамыз. Жоба басшылығының басты шарттарының бірі - фильм Ақтөбе қаласында жасалып, оған тек ақтөбелік актерлер ғана түсірілуі тиіс болды. Кастингке 180 адам қатысты. Біз бірінші бөлімді түсіріп болдық, әзірге бәрі жақсы шығуда. Оның үстіне мұнда кәсіпқойлардан құралған команда жұмыс істейді. Біз 2019 жылдың мамыр - маусым айларында фильмнің бірінші маусымын көрсетеміз, егер өнім көрерменге ұнап жатса, жоба жалғасы болуы мүмкін. Біздің мақсатты аудиториямыз 15-45 жас аралығы. Менің ойымша, Ақтөбе қаласы бұрыннан көркем фильмдер жасау үшін пісіп жетілді, қазір  бұл үшін барлық алғышарттар бар», - деді жоспарларымен бөліскен жоба режиссері Марат Телеуов .

Телехикая орыс тіліндегі субтитрлермен  қазақ тілінде көрсетілетін болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар