20 Ақпан, 2019

Биыл Алматының 120 көшесіне LED шамдары қойылады

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасындағылардың мәліметінше, соңғы бірнеше айда қала көшелерін жарықтандырудың 30 пайызы бұрынғы газ шығаратын шамдардан жарықдиодты әрі энергия үнемдеуші шамдарға ауыстырылған.

Биыл Алматының 120 көшесіне LED шамдары қойылады

Қысқа мерзім ішінде тағы да 1400 км сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту ісі жоспарланып отыр. Яғни қала көшелеріне 42 мыңнан астам цилиндрлік және шамамен 46 мың LED шамдары орнатылады.

Қазір жұмыс істеп тұрған қыздыру шамдарының айырмашылығы «жылыту» үшін белгілі бір уақыт қажет болғанда, жарықдиодтар көрсетілген режимге автоматты түрде өтеді. Жарықдиодты шамдардың жарық беруі жарық ағынының параметрлеріне тең жағдайда газ шығаратын лампалардан 2,5 есеге төмен.

«Бұл шамдар жоғары әрі алуан түрлі түс жіберумен ерекшеленеді. Олардың ең төменгі коэффициенті 70±10 Rа құрайды. Сол натрий шамдарында бұл көрсеткіш үштен төмен. LED өзінің жоғарғы өнімділігімен заттарды табиғи түрде көруге мүмкіндік береді. Бұл көлік жүргізушілері үшін аса қолайлы», – дейді мамандар.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ