23 Мамыр, 2012

Израиль дәрігерлері тегін ота жасады

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Израиль дәрігерлері тегін ота жасады

Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:39

Өткен жылдың маусымында израилдік дәрігерлер Кенді Алтайға келген сапарында біздің емханалар мен ауруханаларда болып, оларға көмек көрсету жөнінде келісімге келген еді. Енді, міне, олар нақты іске көшті.

Атап айтқанда, ауыр науқастарға 12 кардиохирург, нейрохирург, гинеколог, балалар неонтологы, анестезиологы, уролог келіп тегін ота жасай бастады. Ал мұның алдында Израиль дәрігерлері 20 ота жасап кеткен болатын.

– Біздің мақсат – өскемендік дәрігерлердің де өз бетінше ота жасауына көмектесу. Қазақстандық дәрігерлердің біліктілігі мен білімі жетіп артылады. Екі елдің дәрігерлері емдеудің озық үлгілерін алмасу арқылы сырқаттар санын азайта бермек, – дейді «Шнайдер» атты балалар ауруханасының директоры, профессор Пресс мырза ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде.

– Ана мен бала  орталығына израилдік дәрігерлер келіп, 40 балаға ота жасамақ. Алдағы уақытта да «Шнайдер» ауруханасымен әріп­тестік орнатыла бермек, – дейді орталықтың директоры Рая Рахимова.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өскемен.

Суретте: Рая Рахимова профессор Пресс мырзамен.