20 Ақпан, 2019

Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен. 

Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

«Былтыр Алматы облысында тоғыз мектеп салынып, 30 нысан күрделі жөндеуден өтті... Үш ауысымды мектептерді жою мәселесіне келсек, бұл ретте төрт мектеп салынған, әлі 34 мектеп салынуы керек. Олардың тоғызының құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 4,7 млрд. теңге бөлінген, алты мектептің құрылысы биыл аяқталады», - деді облыс әкімі Амандық Баталов халықпен есепті кездесуі барысында. 

Оның ақпарынша, білім министрлігіне 13 мектептің құрылысы үшін қосымша 13,5 млрд теңге бөлуге өтінім берілген.