Аймақтар • 20 Ақпан, 2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

126 реткөрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында «Ақтөбе» ӘКК ҰК  АҚ-ның басшысы Әнуар Маханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз өндірісі есебінен «Агрогектар» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Бағдарлама ірі елді мекендер мен су қоймаларына жақын маңдағы пайдаланылмайтын суармалы жер телімдерін «Ақтөбе»  ӘКК теңгеріміне ресімдеуді көздейді. Қажетті инфрақұрылым жүргізілетін Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Темір, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласындағы жер телімдері тамшылатып суаруды қолданудың міндетті шартымен көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге жалға беріледі. Бұл көкөніс пен бақша дақылдары өндірісінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді, ішкі нарықтағы бағаны төмендетеді және тұрақтандырады, сондай-ақ,  өнім экспорттауға мүмкіндік туғызады», - деді спикер.

Кадрлық қамтамасыз ету, ауылда тұрақты еңбек  ақы төлеу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мәселесін шешу мақсатында ӘКК Екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп етті мал шаруашылығы ауыл шарушылығы тауарын өндірушілерге несие  беруді көздейтін «Көмек» жалақы жобасы іске асырылуда, ол салық төлемдерін аудару және әр қызметкердің карточкалық шоттарына ай сайын қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.

«Жоба 2019-2021 жылдарға есептелген, бірнеше жыл ішінде 500 шаруашылық қамтылып,  160 мың адам әлеуметтік тиімділікті сезінетін болады», - деп атап өтті Әнуар Маханов.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар