16 Маусым, 2012

Алғысым шексіз

545 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алғысым шексіз

Сенбі, 16 маусым 2012 7:03

«Денсаулық – зор байлық» деп күнде айтып жүрсек те, оның қадірін ауырып-сыр­қа­ғанда сезіне түсетініміз шын­дық. Биыл мен де қатты ауырып қалдым. Дәрігерлер диагнозды анықтап, ота жасау қажеттігін айтты. Шыным сол, біздің елімізде жүрекке ота жасау ойдағыдай игерілгенін күнде естіп, біліп жүрсем де, қатты қобалжыдым. Сол бір қиын кезде емдеуші дәрігер­лерімнің көңі­лімдегі неше түр­лі ойларды сейілте біл­ге­нін, тағдырыма байланыс­ты нақ­ты шешім қабылдауыма көмек­тескенін ешқашанда ұмыт­паймын. Олар: «Қорық­па, бәрі жақсы болады. Қазір бізде әлемдегі не жақсының бәрі бар. Дәрігер­леріміздің де біліктілігі ешкімнен кем емес» деп қолтығымнан демеді. Ақы­ры, ота жасауға келісімім­ді бердім. Бәрі ойдағыдай өтті, аман-есен отбасыма оралдым.

Бүгін медицина қызметкер­лерінің кәсіби мерекесі қар­саңында мен сияқты мыңдаған адамдарға көмек қолын ұсы­нып, ажал аузынан арашалап қалған ақ халатты абзал жан­дарға жү­рек­тен шыққан алғы­сымды жеткізгім келеді. Әсі­ресе, Республи­калық ғылыми жедел медициналық жәрдем орталығының кардиология бө­лімшесінің меңгерушісі Т.­Мол­дабеков, Т.Есқараев, Г.Айма­қова сынды дәрігер­лерге, Ұлт­тық ғылыми кардиохирургия орталығының бастығы В.­Ю.Пяға, медицина ғылымда­ры­ның докторы М.Бекбосыно­ваға айтар алғысым шексіз. Оларға, бар­лық әріптестеріне өмірдің бар жақ­сылығын тілеймін. Еңбектері жанып, халықтың құрметіне бөлене берсін дегім келеді.

Гүлмира СМАЙЫЛОВА.

АСТАНА.