Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірдегі көпбалалы аналармен кездесті. Тараз қалалық Мәденеиет үйінде өткен кездесуге келген аналардың қарасы қалың болды. Олар аймақ басшысы алдында түрлі әлеуметтік мәселелерін көтеріп, тілек-өтініштерін білдірді.

Егемен Қазақстан
21.02.2019 95

Өз кезегінде Асқар Исабекұлы өңірдегі аз қамтылған және көп балалы аналарға қажетті көмектер барынша көрсетілетінін, ол үшін биылғы бюджет есебінен 30 миллиард теңге бөлінгенін жеткізді.

Аймақ басшысының айтуынша, облыста биыл 10 жатақхана салынады. Оның 7-і облыс орталығынан, 3-і Шу, Қаратау, Жаңатас қалаларынан бой көтермек. Бұл жатақханалар тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көп балалалы отбасыларды қамтитын болады. Ал, осындай отбасылардан шыққан облыс мектептерінде оқитын 29 мың баланың ыстық тамағына 2 миллиард теңге, мектеп формасын алып беру үшін 500 миллион теңге бөлінбек. Бұдан бөлек, 23 мың оқушыға жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама берілмек. 

Сондай-ақ, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылар мен түлектер үшін де айтарлықтай жеңілдіктер жасалынады. Айталық, биыл колледждерге бөлінетін 13 мың гранттың 50 пайызы аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына тиесілі болмақ. Яғни, 6 жарым мыңға жуық студент мемлекет есебінен колледждерде тегін оқытылады. Олардың шәкіртақысы мен тамақтануына 1,7 миллиард теңге қаралмақ. 

7500 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың коммуналдық төлемдерін төлеп беру үшін 500 миллион теңге бөлінеді.

Асқар Исабекұлы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 70 пайызы ауылда тұратынын ескеріп, оларға демеушілер есебінен қайтарымсыз мал беру шаралары да қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, өңір басшысы әлеуметтік қолдау көрсету үшін құрылатын арнайы комиссия құрамына да барынша көпбалалы аналардың қосылатынын тілге тиек етті.

Респибликалық «Бақытты отбасы» акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету үшін облыстық «Қамқор» жобасы қолға алынған. Оған 1 мыңнан аса еріктілер тартылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Берік Уәли Президенттің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Т.Сүлейменов Президент көмекшісі қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары елорда атын ауыстыру туралы шешімді қолдайды

22.03.2019

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды

22.03.2019

«Бөрте милка» кәсіпорнының жұмысшылары елорданың «Нұр-Сұлтан» аталуын қолдайды

22.03.2019

СҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

22.03.2019

Павлодарлық жұмысшылар Елбасыны қолдайтынын айтты

22.03.2019

Францияның танымал тұлғалары Қазақстанды Наурыз мерекесімен құттықтады

22.03.2019

Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін қолдады

22.03.2019

Халықтың орташа жасы – 28,8

22.03.2019

АҚШ тарапы Қазақстандағы өзгерістерге қолдау білдірді

22.03.2019

Қарағанды шахтерлері елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

22.03.2019

Қызылордада салмағы бір тонна торт тарту етілді

22.03.2019

Қызылордада әз Наурыз мерекесі тойланып жатыр

22.03.2019

Нұр – Сұлтан атауы – Елбасына құрмет пен Қазақстанның өркендеуіне берілген баға

22.03.2019

«Назарбаев юу хэлэв...». Моңғол журналистері неге таңданды

22.03.2019

Солтүстік қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күнін кеңінен атап өтті

22.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу