Аймақтар • 22 Ақпан, 2019

Шәкәрім университетінде «World of Egemen Kazakhstan» бұрышы ашылды

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шәкәрім университетінде «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай «World of Egemen Kazakhstan» ақпараттық-интеллектуалды онлайн-смарт бұрышы ашылды. Онлайн смарт бұрышының тұсаукесеріне газеттің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қатысты.

Шәкәрім университетінде «World of Egemen Kazakhstan» бұрышы ашылды

Смарт бұрыш «Егемен Қазақстан» газетін онлайн және қағаз түрінде оқуға мүмкіндік беріп, жастардың  еліміздегі және алыс-жақын шет елдердегі ақпарат ағынынан xабардар болуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар бұл – қала жастары үшін тек ақпарат алу бұрышы ғана емес, смарт TV және экран арқылы соңғы инновациялық оқыту технологияларымен түсірілген видео дәрістерді тыңдау орны.

Енді осындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тарихы зерттеліп, студенттеріне терең бағдарлы жұмыстар жүктелмек. 

Университет ректоры Мейір Ескендіровтің айтуынша, оқу орны Семей қаласының әр ауданында орналасқан университет филиалдарына осындай смарт бұрыш орнатпақ. Сол арқылы халықтың «Егемен Қазақстан» газетіне деген халықтың қызығушылығын тудыруды көздеп отыр. 

Өз кезегінде Д.Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» тарапы да Шәкәрім университетінің тыныс-тіршілігі жөнінде жиі жариялайтынын айтып, тығыз байланыс орнатуды жөн санайтындығын жеткізді. Халықаралық  «АКМЕ» клубы аясында өткен кездесу соңында «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліге «Құрметті профессор» атағы беріліп, «Шәкәрім» медалі табысталды. 

Раушан Нұғманбекова,

«Егемен Қазақстан»

Семей