Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы өңірде қайта өңдеу секторына 26 миллиард теңге инвестиция тартылды. Яғни, алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт есеге артық. Оның ішінде басты инвест жоба - ол «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жобасы.
Жобының екінші кезеңі жүзеге асырылған 2020 жылы кәсіпорын еліміздің құс етіне деген ішкі сұранысының 15 пайызын жауып, импорт үлесін 30 пайызға азайтады. Бүгінгі күні құс фабрикасында бір адамға еңбек өнімділігі 25 мың долларды құрайды. Ал, екінші кезеңі іске қосылған кезде бұл көрсеткіш 1,5 есеге ұлғаяды Келешекте кәсіпорында жобаның үшінші кезеңі жүзеге асырылып, өндіріс қуатын 100 мың тоннаға жеткізу жоспарда бар.
Айталық, азық-түлік өндірісінің көлемі өткен жылы 80 миллиард теңгеге артты. «Биылғы жылы «Урожай» ЖШС жарма өндірісін іске қосады. Бұдан бөлек, «Молоко Синегорье» және «Нәтиже» ЖШС жаңғырту арқылы өндірісті қалпына келтірді. Ал, «Eco Milk» жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті облыс әкімі. Айта кету керек, Ақмола облысы тауарөндірушілерінің өнімдері брендке айналды. Бүгінгі күні Астана қаласында 5 «AQMOL» дүкені жұмыс істейді. Биылғы жылы тағы үшеуін ашу жоспарланып отыр.