Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Қазақстан атынан шығатын ресейлік ауыратлет төрт жылға шеттетілді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ауыратлет Надежда Лихачева допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін төрт жылға шеттелді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Қазақстан атынан шығатын ресейлік ауыратлет төрт жылға шеттетілді

2018 жылдың желтоқсанында Лихачеваға қатысты тыйым салынған заттарды пайдаланды деген айып тағылған еді.  Тыйым салынған тестестерон затын пайдаланғаны үшін Лихачева төрт жылға шеттелді, нақты айтқанда, 2018 жылдың 14 желтоқсанынан 2022 жылдың 14 желтоқсанына дейін. Осылайша спортшы Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды.