Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Денис Тен туралы фильм көрерменге жол тартты

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 ақпанда Алматыда «Денис Тен – ұлы шоу» деректі фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл туралы Forbes.kz сайты хабарлады.

Денис Тен туралы фильм көрерменге жол тартты

Денис Тенге дейін мұз айдынындағы шоу туралы деректі фильм жарық көрмеген еді. Фильмде «Денис Тен және достарының» шоуға дайындық жұмысы туралы бірегей кадрлар көрсетілді. Көңілді, жігерлі, тартымды Денис костюмдерді іріктеу, авторлық әндер мен музыканы жазу, клип түсіру және мұздағы жаттығулардан бастап, орасан зор жоба бойынша жұмыс қалай жүріп жатқанын айтады.

Фильм 23 ақпанда шектеулі прокатта шығады. Көрсетілім 3 наурызға дейін жалғасады. Фильм тек Алматыда көрсетіледі.

Жобаның авторы және режиссері – Денис Тен.

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда қайтыс болды. Спортшы пышақтан алған жарақаттан қайтыс болған. 2019 жылы 17 қаңтарда үш сотталушыға қатысты үкім шықты. Айыптылар – 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Денис Теннің жақындары сот шешімімен келіспейді. Алдағы уақытта үкімге шағым жасауға ниетті.