Семейде ел газеті «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы жалғасуда. Бір кездері Қаныш Сәтпаев, Шәкен Айманов сияқты қазақтың айтулы тұлғалары білім алған Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Үржар ауданының тумасы, алашордашы,түрколог, филология ғылымдарының докторы Эмир Нәджиптің 120 жылдығына арналған кеш өтті.
Іс-шараға «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, алаштанушы Тұрсын Жұртбай, тарихшы ғалым Мұхтарбек Кәрімов, ақын Тыныштықбек Әбдікәкім және колледж директоры Шағангүл Жанаева қатысты. Жиынға Эмир Нәджиптің қызы Эльмира Эмирқызы да келді.
Эмир Нәджип Мақаншы ауданы, Бақыт ауылында дүниеге келген. Шығыстанушы ғалым – осы оқу орнының түлегі.
Іс-шара барысында Эмир Нәджиптің сағынышы туған жері-қазақ елі болғандығы туралы естеліктер айтылды. Сондай-ақ ғалымның қызы Эльмира Эмирқызы әкесінің адамгершілігі мен ұлтжандылығы туралы сөз қозғады.
Жиында Эмир Нәджиптің Мұхтар Әуезовпен бірге осы оқу орнында оқығандығы және Семейде «Ярыш» футбол командасында бірге ойнағандығы туралы айтылды.
Кеш соңында Эмир Нәджиптің ғылыми тағылым туралы кітаптарының тұсауы кесілді.
Раушан Нұғманбекова,
Семей
«Егемен Қазақстан»