«Қанатты» шаңғышылар арасындағы іріктеу сыны 130 метрлік трамплинде өтеді. Турнирге 61 спортшы қатысады деп күтілуде.
Қазақстан атынан төрт спортшы бақ сынайды. Олар: Глеб Сафонов, Сабыржан Мүмінов, Никита Девяткин және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Сергей Ткаченко.
Біздің команда жастардан жасақталғанын айта кеткен жөн. Сафонов 17, Ткаченко мен Девяктин 19 жаста. Ал Мүмінов 24 жастағы спортшы.
Жарыс Астана уақытымен 19:30-да басталады.