30 Маусым, 2012

Басты бағыттардың бірі

309 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Басты бағыттардың бірі

Сенбі, 30 маусым 2012 7:53

ЗАМАНАУИ ҮРДІСКЕ САЙ ӨРЛЕУ

Ертең Астанада нейрохирургтердің ІІ съезі жұмысын бастайды

БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

шілде күні отандықнейрохирургтердің екінші съезі өзжұмысын бастайдыОсы айтулыоқиғаның қарсаңында жалпынейрохирургия бөлімшесініңмеңгерушісі Серік КӘРІБАЙҒАжолығыпәңгімелескен едік.

 

Сенбі, 30 маусым 2012 7:53

ЗАМАНАУИ ҮРДІСКЕ САЙ ӨРЛЕУ

Ертең Астанада нейрохирургтердің ІІ съезі жұмысын бастайды

БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

шілде күні отандықнейрохирургтердің екінші съезі өзжұмысын бастайдыОсы айтулыоқиғаның қарсаңында жалпынейрохирургия бөлімшесініңмеңгерушісі Серік КӘРІБАЙҒАжолығыпәңгімелескен едік.

– Серік Дүзелбайұлы, қа­зіргі таңдамедициналық сақ­тандырудыңкенжелеп қалға­ны жиі айтылады. Қоға­мы­мыз капиталистік жүйегеөтсе де, медицинаны тұтастайдер­лік үкімет қаржыландырыпотыр. Кепілдендірілген меди­циналық көмектің ішіндегі неше түрлі қымбат дәрілер мен қымбатоталардың өзі-ақ үкі­метке салмақ салатынын шамалайтын болсақ, бұлжөнінде ерте ме, кеш пе мәселе көтері­летінін ішіміз сезеді. Сондық­таналдымен медициналық сақтандыру жайлы орталық­тың ұстанымықандай деген сауал төңірегінде ой тарқат­саңыз.

– Расында қазіргі таңда қоға­мымызда медициналық сақтан­ды­ру туралы естігенімен, ол жа­йында жарытып ештеңе біл­мейтін азаматтарымыз баршы­лық. Өйткені, бұл 90-жылдарда қоғамда біраз пікір тудырып, кейіннен өз-өзінен сап тиылды. Сол кезеңде медициналық сақ­тандыру қоры құрылғаны бел­гілі. Бірақ қор бір себептермен жұмысын тоқтатты да, қарапа­йым халық медициналық сақ­тан­дырудың бүге-шігесін біле алмай әрі өздерінің «сақта­на­тындықтарына» сене алмай қал­ды десек дұрыс болар. Негізінде медициналық сақтандыру қоға­мымыздағы әрбір адам үшін оң­тайлы жүйе дер едім. Әрбір адам өз-өзіне сақтандыру кітап­шасын ашса да, тіпті оны сол адам жұмыс істейтін компаниялар мен акционерлік қоғамдар, басқа да жұмыс орындары жүзе­ге асырса да бұның әлгі адам­ның өмірі мен денсаулығы үшін маңызы зор. Біз бір нәрсе жайында айтқан кезде үнемі дамы­ған мемлекеттердің тәжіри­бе­сіне сүйенеміз. Өйтпеске лажымыз да жоқ. Капиталистік жү­йедегі сол мемлекеттердің бар­лы­ғында адамдар медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ем алады. Бірақ бұдан тегін емдеу оларда жоқ екен деген ұғым шықпауға тиіс. Бір жағынан те­гін емделу, бір жағынан меди­циналық сақтандыру бойынша ем қабылдауды қатар жүргізіп отырған мемлекеттер бар.

Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорға жиналған қаражат есебінен азаматтардың тегін ме­дициналық көмек алуына кепіл­дік беруді көздейді. Бұл міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады. Міндет­тісі әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналары жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорын, ұйым, басқа да жұ­мыс берушілер қаражатынан тө­ленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыссыздар үшін тиісті дең­гей­дегі бюджеттерден қаражат аударылады. Ерікті медици­на­лық сақ­тандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен меди­циналық мекеме ара­сындағы келі­сім бойынша бел­гіленеді. Сақтан­дыру шарттарын азаматтар жеке өздері жасайды деп бір тоқтайық. Әзірге біздің елімізде сақтанды­рудың осы екі түрі де шамалап қана қолда­ныс­қа еніп келеді. Әсіресе, қалталы азаматтар меди­ци­налық сақтан­ды­рудың тиімді әрі қолайлы екен­дігін сезді. Біздің орталықта ақылы түрде емделетін адамдарды көргенде туындаған ой бұл. Сондай-ақ, кейбір ірі компаниялар өз жұмысшыларының ден­саулығы үшін мүдделі болып, олардың біздің орталықта ем­деліп жатқан жағдайлары бар­шылық.

Ал енді біздің ұстанымы­мызға келетін болсақ, Елба­сының «бәсе­кеге қабілетті елу елдің қатарына кіру үшін ме­дициналық сақтан­дыру дамыған болуы керек» деген пікіріне сүйенеміз.

– Осында медициналық ту­ризмнің орталық қызметін дамытудағы басымбағыттар­дың бірі екенін білеміз. Бұл жұмыс қалай жүріп жатыр?

– Орталығымызда нейрохи­рургияға қажетті заманауи құ­рал-жабдықтардың барлығы дер­­лік бар. Тіпті ондай құрал-жабдықтар ТМД-ның кейбір мемлекеттерінде жоқ екенін се­німмен айта аламын. Дәрігер­леріміздің біліктілігі де талас тудырмайды. Біздің басшымыз Серік Қуандықұлы алысты болжай білетін стратег адам дейтін болсақ, оның медициналық туризмнен түсетін кіріс арқылы кейбір шығындарды жабу жа­йындағы құнды пікірлері де көкейге қонымды. Сондықтан ме­кемемізге қазіргі кезде Өзбек­стан, Қырғыстан, Тәжікстан секілді ТМД мемлекеттерінен, Ресейдің біздің елге жақын Челябі, Саратов, Омбы облыстарынан адамдар келіп, ақылы түрде емделеді. Ол қаржыға біз мамандарды оқыту, шет елдерден аппараттар әкелу мәселе­лерін шешіп жатырмыз. Рас, бұл қаржы орталыққа құйылып жат­қан бюджеттік қаржыдан әлде­қайда аз. Тағы бір атап көрсетер жәйт – медициналық туризм арқылы отандық медицина же­тістігін шет мемлекеттерде дә­ріп­теуге мүмкіндік алдық. Әл­гінде ТМД мемлекеттерінен науқастар арнайы келіп ем қа­былдайтынын айттым. Сондай-ақ, осында тұратын не уақытша жұмыс істеп жүрген алыс шет­ел­дің, яғни, Ұлыбритания, Германия сынды дамыған елдердің азаматтары да біздің медицинаға сенім білдіріп, орталығымызда емделіп жатады. Бұл біз үшін үлкен жетістік. ТМД мемлекет­теріне съезге, конференцияға баратын біздің мамандарды сол елдерде танып, құрметтеп жататыны да көңілге қуаныш ұялатады.

– Шетелден келетін азаматтар үшін Нейрохирургия ғы­лымиорталығындағы қызмет бағасы қаншалықты қолже­тімді?

– Медициналық туризмнің тарихы тым арыда жатыр. Бұ­ның мың жылдық тарихы бар десек қателеспейміз. Бір елдің азаматтарының екінші бір елде емделуі ешқандай да жаңалық емес. Ал қолжетімділік тұрғы­сы­нан сұрақ болмауы тиіс деп ойлаймын. Өйткені, әрбір адам өз денсаулығы үшін кез-келген соманы төлейтіні өмірдің шын­дығы. Десе де, біздегі қолжетім­ділікті айтып өтейін. Біздің ор­талықта жасалатын ақылы ота­лардың құны өзге дамыған елдермен салыстырғанда бір жарым, екі есеге дейін арзан. Оның өз себептері бар. Сонда қара­пайым халық арзан әрі сапалы ем алғанға қызықпайды дейсіз бе? Капиталистік жүйеде өмір сүретін елдерде медициналық сақтандырумен қамтамасыз етіл­­меген адамдар саны өте көп екенін біз түрлі ақпарат көздері арқылы біліп отырмыз. Мысалы, АҚШ-тың өзінде бұндай адамдар елу миллион шамасында екен. Ал сақтандырудың өзі өте ауыр жағдайдағы науқастарға кететін шығындарды толығымен жаппайтыны тағы белгілі. Сон­дықтан олар не істейді? Меди­ци­налық қызметтің бағасы қол­жетімді елдерден ем қабыл­дайды. Тек АҚШ емес, Батыс Еуропа мен Канада тұрғында­рының белгілі бір бөлігі өзге елдерде емделетіні қазіргі таңда жасырын емес. Бұның әртүрлі себептері бар десек, ең бастысы бұл елдерде емделу өте қымбат. Сондықтан біздің орталық қолжетімді баға ұсынып отыр деп сеніммен айта аламын.

– Ертең Қазақстан Респуб­ликасы нейрохирургтерінің ІІ съезі өз жұмысын бастайын деп отыр. Бұл орайда сіз басқаратын бөлімше нейрохирургия саласында қандай мәселелер көтереді? Сол туралы қысқаша айта кетсеңіз.

– Біздің бөлімшеде бастағы және мидағы ісіктердің түр-тү­ріне, түрлі деңгейдегі гидро­це­фалияға, қазақша айтқанда су­мыйлыққа, мидағы тамыр ауруларына, мидағы дамудың тежелуіне қатысты түрлі дерттерге, басқа да ауру түрлеріне ота жасалады. Ол оталарды Siemens, Medtronic, Storz, Carl Zeiss фирмаларының ең алдың­ғы қатарлы аппараттарын пайдаланып, білікті дәрігер­леріміз арқылы жүзеге асырамыз. Сон­дықтан съез барысында біз мә­селе көтеруден бұрын қандай оталар жасалып жатқанын, ол үшін қандай әдістер пайдалануда екенін алдымен айтатын боламыз. Өйткені, қазір бірқатар мәселе­лерде кемшін тұстарымыз болға­нымен, біліктілік жөнінен дәрі­гер­леріміз шетелдің дәрігер­лері­нен кем емес деп толық сеніммен айтатын деңгейдеміз. Сол үшін съезде негізінен тәжірибе үйрене­тін емес, алмасатын боламыз.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».