Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

149 реткөрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Қасым мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда әкімдіктер су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауды бекіту және тазалау, су бұру арнасын салу, уақытша қорғаныс бөгеттерін салу, елді мекендердің айналасын құлату, дренаж жүйелерін салу және жөндеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Ырғыз және Қарғалы аудандарының 7 елді мекенінде су тасқыны құбылыстарының туындау қатері жойылып, облыс бойынша қауіп-қатер аймағындағы ауылдардың жалпы саны 42-ден 35-ке дейін төмендеді.

«Біз қауіп-қатер аймағында 35 елді мекен орналасқанын айтқан кезде, осы жылы елді мекендерді толығымен су басуы мүмкін екенін айтып тұрмағанымызды ескерулеріңіз қажет. Олардың әрқайсысында су басуы мүмкін аймаққа тек бірнеше көше немесе тіпті суға жақын орналасқан үйлер де түседі. Кейбір ауылдарда 10 жылдан астам су тасқыны тіркелген жоқ, бірақ соған қарамастан біз барлығын бақылауда ұстаймыз. 2016 жылы облыстың елді мекендерінде су басу қаупін болдырмау және азайтудың кешенді жоспары әзірленіп, онда нөсер арналарын салу және жөндеу, сондай-ақ су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын салу және жөндеу сияқты іс-шараларды кезең-кезеңмен іске асыру көзделген. 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар республикалық Жол картасына енгізілді, онда аймақ бойынша 44 іс-шара бар», - деді Қайрат Қасым.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында су тасқыны қаупі бар Қарғалы, Жаман-Қарғалы, Песчанка, Бұтақ, Тамды, Елек, Сазды, Күйеу сияқты 8 өзенді тазарту, кеңейту, түбін тереңдету және жағалауды бекіту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Осындай жұмыстар су тасқыны қаупі бар аймақтағы барлық елді мекендерде кезең-кезеңмен жүргізілмек.

Айта кетейік, елді мекендер аумағынан 165 мың текше метрден астам қар шығарылды. Облыс аумағында 165 гидротехникалық құрылыс орналасқан.

Су тасқыны оқиғасы шиеленіскен жағдайда деп облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды, оның құрамында 2 мыңнан астам адам, 732 бірлік техника, 105 бірлік жүзу құралы, 214 бірлік мотопомп бар.

Көшірілетін тұрғындарды орналастыру үшін сыйымдылығы 12 827 адам болатын 78 пункт дайындалды, 111,1 тонна жанар-жағармай материалдары, 9 513 тонна инертті материалдар қоры жасалып, 250 млн. теңге қаржы қарастырылды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар