Парламент • 22 Ақпан, 2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 ақпанда Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева құрамына Зонтхофен қаласындағы учаскелік сот төрағасының бірінші орынбасары Кристиан Рох, жастар ісі жөніндегі мекеменің өкілі, әлеуметтік саланың қызметкері Керстин Бекманн енген Германия делегациясымен кездесті. Жүздесуге еліміздің Жоғарғы сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова қатысты.

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

С.Айтпаева кездесу барысында Парламент Сенатының заң шығару қызметі туралы әңгімеледі. Сенатор біздің елімізде жүзеге аса бастаған «Отбасылық сот» жобасы туралы хабардар етіп, өткен жылдың қараша айында Жоғарғы соттың жалпы отырысында балалар құқықтарын қорғау жөнінде бірқатар қаулы қабылданғанын атап өтті.

Меймандар өз кезегінде Германиядағы отбасылық соттың тәжірибесімен бөлісті. Олар отбасылық құқық ерекшелігіне, отбасы және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот қызметтері арасындағы айырмашылықтарға тоқталды. Жүздесуге қатысқандай балалардың құқықтарына қатысты дауларды шешу туралы пікір алмасты.

С.Айтпаева кәмелетке толмағандарға қатысты әділеттілік мәселелері бойынша халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, кездесуге алғысын білдірді және екі ел арасындағы сындарлы ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.