Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Sanofi - күдіктен ада компания

167 реткөрсетілді

Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Sanofi компаниясының Қазақстандағы және Таяу Шығыстағы еншілес кәсіпорындарының өз өнімдерінің сатылымын арттыру мақсатында лауазымды адамдарға ақша бергендігі жөніндегі ақпарат АҚШ-тың құнды қағаздар және биржалар комиссиясының сайтында жарияланып, елді біраз дүрліктірген. 

Sanofi компаниясының Орта Азия елдері бойынша Бас директоры Ранга Веларатне бүгін Астанада журналистермен жүздесуде осы әңгімеге қатысты төмендегідей түсінік берді.

«Біріншіден, 2007-2011 жылдары бухгалтерлік есептен жіберілді деп есептелген қателікті АҚШ комиссиясы емес, өзіміздің ішкі аудит қызметі хабарлаған, ал бұл компанияның қандай бір олқылықты тауып, оған тосқауыл қоятын жүйесінің барлығын көрсетеді, екіншіден, тексеру барысында оның крималдық-қылмыстық құрамының жоқтығы толық анықталып, әкімшілік айып төленді. Ал айып сомасы тек Қазақстанға қатысты емес, оның қатарында он шақты ел бар» деді.

Компания Қазақстан фармнарығында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.  

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар