22 Ақпан, 2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

210 реткөрсетілді

2019 жылдың 20 ақпанында Беларусь Республикасының Волковыск қаласында 1944 жылғы шілдеде Белоруссияны босату кезінде қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры, Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті.

1942 жылдың қаңтарында майданға аттанған Қазбек Нұржанов соғыста көрсеткен әскери ерлігі үшін Қызыл Ту, Даңқ ордені және ІІІ дәрежелі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 1945 жылы 24 наурызда Жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысымен неміс фашистік басқыншыларына қарсы күресте жауынгерлік міндетін үлгілі атқарғаны және ержүректіліші үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылындағы Мектепке батырдың есімі берілген. Қазбек Нұржановтың жерленген жерінде орналасқан Деречин аграрлық қалашығында батырдың атымен ескерткіш тақта орнатылған.

Сондай-ақ Волковыск қалалық депутаттар кеңесінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 104 шешімімен Волковыск қаласындағы көшелердің біріне Қазбек Нұржановтың есімі берілді.

Жеңіл атлетика бағдарламасының 17 түрінен үш жас санатында 400-ге жуық жас спортшылар, оның ішінде Волковыск пен Зельвенск аудандарынан сондай-ақ Қарағанды облыстық жасөспірімдер Олимпиадалық резервтік жастар мектебінің спортшылары өнер көрсетті.

Турнирге қатысушыларға арнап аудандық атқарушы комитеті білім бөлімінің бастығы Михаил Семенчик, Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы Талғат Рыскелдиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Анатолий Игнатович және басқалар сөз сөйледі.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар