Аймақтар • 22 Ақпан, 2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

715 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі  міндетін атқарушының есебі қаладағы жаңа ғимаратта өтті

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

Қостанай облысының әкімі міндетін атқарушы Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындары алдындағы   есебін былтыр да жаңа ғимаратта өткізген еді. Биыл да сол дәстүрін қайталап, құрылысы енді біткен «Жастар сарайында» өткізді.  Залда мыңнан аса адам отырды.

Іші-сырты сәнділігімен көз тартатын еңселі ғимаратта жастар ісі жөніндегі басқарма, жастардың үкіметтік емес ұйымдары орналасатын болады. Сонымен қатар жастарға байланысты шаралардың барлығы да осы ғимаратта өтеді. Ғимарат Қостанай қаласының көркін келтіретін нысандардың біріне айналады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай