- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылы 41 тұлға сотталған. Сотталғандардың 35-і – лауазымды тұлға болса, 6 адам жеке тұлға ретінде істі болды. Сотталған 35 лауазымды тұлғаның 21-і – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде қызмет етсе, 9-ы – жергілікті атқарушы органда, ал 5-і – квазимемлекеттік секторда жұмыс істеген, - дейді Болат Әлмұқанұлы.
Жоғарыда жауапкершілікке тартылған тұлғалардың 13-і – полиция органдарында, 2-і – Ұлттық банкте, 2-і – мемлекеттік кірістер органдарында, 1 адам – ішкі мемлекеттік аудит мекемесінде және 1 адам әділет департаментінде қызмет еткен екен.
Ал жергілікті атқарушы органдардың сотты болған 9 қызметкерінің ішінде Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы, облыстық басқарма басшысы, тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы мен орынбасары, облыстық басқарманың бөлім басшысы болыпты.
Б.Исақовтың айтуынша, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін 2018 жылы 5 адам жауапкершілікке тартылған. Ал мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін 88 тұлғаға да тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылған.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Батыс Қазақстан