Спорт • 23 Ақпан, 2019

Михаил Кукушкин жартылай финалға шықты

90 реткөрсетілді

Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин жартытлай финалға жолдама алды. 

Жүлде қоры 744 010 евроны құраған жарыстың  тұсаукесер кездесуінде Украинаның өкілі Денис Кудланы қапы қалдырған отандасымыз екінші кезеңде Израильдің мықтысы Денис Шапаваловқа шаң қаптырып кеткен еді. Ширек финалда оның жолы ресейлік Андрей Рублевпен қиысты. 1 сағат және 5 минутқа созылған бәсекеде Кукушкиннің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ.  Есеп – 6:4, 6:1.

Жартылай финалда Михаил Кукушкин Уго Умбертпен кездеседі. Әлемдік рейтингте 75 орында тұрған Францияның теннисшісі осы турнирде Эрнест Гулбис, хорватиялық Борна Чорич және германиялық Маттиас Бахингерден басым түскен болатын.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ереймендегі ел мұрасы екшелді

Руханият • Бүгін, 12:20

Қарттарға кітап сыйлады

Қоғам • Бүгін, 12:14

Фронт-офис ашық алаңға айналады

Аймақтар • Бүгін, 12:13

Ұқсас жаңалықтар