Аймақтар • 23 Ақпан, 2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

617 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда өткен ТМД елдерінің құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Молдавия елдерінің өкілдері өз елдерінде пайдаланылатын баға белгілеу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады, деп хабарлайды «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ баспасөз қызметі.

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

Cондай-ақ халықаралық шараға сондай-ақ елінен келген сарапшылар да қатысты.

Тәжірибе алмасу Алматы қаласында өткен халықаралық іс-шараның – ТМД елдерінің құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі комиссия отырысының шеңберінде болды.

Халықаралық іс-шара ТМД қатысушы елдерінің құрылыс саласындағы ынтымақтастық бойынша үкіметаралық кеңесінің басшылығымен өтті және Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан және Беларусь құрылыстағы сметалық бағаларды анықтау кезінде ресурстық әдісті басшылыққа алады, бұл сметаларды құрылыс материалдарына нарықтық бағаларды есепке ала отырып, қалыптастыруды ұйғарады. Қазақстанда баға белгілеудің ресурстық әдісі 2015 жылы қолданысқа енгізілді, баға белгілеудегі реформаның орындаушысы ҚазҚСҒЗИ болды.

Өз кезегінде, Ресей өкілдері құрылыста ресурстық әдісті пайдалануға өтуді 2022 жылы жүзеге асыру жоспарланып отырғаны туралы баяндаған.

Халықаралық басқосуда РҒТО (Беларусь) директоры, Комиссия төрағасы, Геннадий Пурс Комиссияның 2018 жылғы жұмысының қорытындылары туралы есебі ұсынылды. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің жанындағы құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы Рабиға Бисенова Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу жүйесінің даму жолдары мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады. ҚазҚСҒЗИ Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық директоры Арман Хасен кеңестен кейінгі кеңістік (1991 – 2018) елдерінің баға белгілеу жүйесіне талдамалық шолуын ұсынды.

Өз кезегінде, Хусейн Челик, Түркия елінің Қоршаған орта және қала құрылысы министрлігі жоғарғы ғылыми кеңесінің мүшесі Түркия елінің құрылысындағы баға белгілеуге таныстыру шолуын жүргізді.

Маңызды жиында ТМД елдерінің құрылыс ресурстарын кодтау жүйесімен үйлестіру, құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларындағы баға бегілеу, сондай-ақ ВІМ-модельдердің сметалық аудиті мәселелері де қоса  талқыланды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ