Хоккей • 24 Ақпан, 2019

ҚХЛ: «ТОП-10» төбелес

486 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігі аяқталғаннан кейін Ресейдің «Матч ТВ» арнасы осы жарыстағы түрлі командалар ойыншылары арасындағы «ТОП-10» төбелестің тізімін жариялады.  

ҚХЛ: «ТОП-10» төбелес

Тұрақты біріншіліктің аяқталуға тая қалған тұстағы «Барыс» пен «Авангард» клубтарының арасында өткен бәсекеде бірнеше ойыншы бір-біріне сес көрсете бастады. Оның ақыры астаналық Павел Акользин (бойы -191 см., салмағы – 86 кило) мен омбылық Кирилл Петровтің (бойы -191 см., салмағы – 100 кило) төбелесіне ұласты. Алайда бұл жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. «Барыстың» ойыншысы бір ғана сәтті соққымен, қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Қатты есеңгіреп қалған Петоровтың әріптестері құлап жатқан жерінен әзер көтеріп, сырта алып кетті. Үздітер тізімінде бұл төбелес 7 орынды иеленді.  

ҚХЛ-дың ең үздігі деп 28 жастағы Максим Григорьев пен 36 жастағы Илья Никулин арасындағы төбелес танылды. Бұл жағдай мәскеулік дерби – «Спартак» мен «Динамо» арасындағы матчта орын алды. Қос команда былтырғы жылдың қазан айында күш сынасқан болатын. 40 секундқа созылған жекпе-жек «Динамо» ойыншысының пайдасына шешілді. Өзінен әлдеқайда ересек қарсыласын біраз діңкелеткен Григорьев соңында «Спартактың» капитанын ұрып жықты. Бір айта кетерлігі, екеуінің дене бітімінде біраз алшақтық бар. Мәселен, Никулинның бойы – 191 сантиметр, салмағы – 101 кило. Ал Григорьев бойы 179 сантиметр, салмағы – 85 кило. Міне, «күш атасын танымайды» деген осы болар.  

ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігіндегі «ТОП-10» төбелестің толық тізімі мынадай:

1. Максим Григорьев («Динамо») пен Илья Никулин («Спартак»)

2. Виктор Тихонов (СКА) пен Павел Карнаухов (ЦСКА)

3. Вели-Матти Савинайнен («Куньлунь») мен Евгений Лапенков («Трактор»)

4. Ник Бэйлен («Трактор») мен Рафаэль Бикмуллин («Нефтехимик»)

5. Глеб Семенов («Нефтехимик») пен Эдуард Гиматов («Салават Юлаев»), Рафаэль Бикмуллин («Нефтехимик») пен Станислав Гареев («Салават Юлаев»)

6. Патрик Бачик («Слован») пен Дамир Рахимуллин («Сочи»)

7. Павел Акользин («Барыс») мен Кирилл Петров («Авангард»)

8. Михаил Глухов («Ақ Барс») пен Дмитрий Огурцов («Нефтехимик»)

9. Илья Берестенников («Амур») пен Юрий Петров («Адмирал»)

10. Дамир Рахимуллин («Сочи») мен Андрей Светлаков (ЦСКА) 

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,  

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар