Қоғам • 24 Ақпан, 2019

Шымкентте мектеп директорлары кабинеттерін босатуда

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мектептердегі сыныптар санының жетіспеушілігін жою, басшылардың кабинеттерін оңтайландырып, бюджет қаржысын барынша үнемдеу мақсатында Шымкенттегі №25, №55, №60, №17 мектеп директорлары өз кабинеттерін босатты.

Шымкентте мектеп директорлары кабинеттерін босатуда

Олар ауданы кең кабинетерін оқушыларға босатып беріп, өздері мектеп ғимараттарының бірінші қабатына жайғасты. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайханның айтуынша, мектеп директоры өз кабинеттерін оқушыларға босатып беру үрдісі осымен тоқтап қалмай, барлық қалалық мектептерде жүргізу жоспарлануда.

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті білім саласы басшыларына жұмыстың жаңа форматын ұсынды. Мұндай бастама мектепке ғана қатысты емес.

Департамент басшысының орынбасары А.Шілмановтың айтуынша, қазіргі таңда департаментпен Шымкент қаласындағы 64 мемлекеттік мекемелердің орналасқан алаңдары оңтайландырылған.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»