21 Шілде, 2012

Кәсіподақтар – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі

1159 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін

Кәсіподақтар – азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі

Сенбі, 21 шілде 2012 7:40

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы көптеген сауалдарға жауап іздеттіруде. Соның бірі бізге де тікелей қатысты дер едім. Өйткені, бүгінгі күні қоғамда мынадай сұрақтар жиі туындайды: кәсіптік одақтар немен айналысады, кәсіпорындарда еңбек дауларын шешудегі олардың рөлі қандай, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде олардың функциялары қандай, кәсіпорындарда жұмысты ұйымдастыруда олар жұмыс берушілердің құралы болып табыла ма, еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары оларға тәуелді ме, мемлекеттік органдармен өзара қатынастары қандай? Осы сұрақтардың барлығын бір пікірге біріктіруге болады – Қазақстан кәсіподақтары қазіргі заманғы азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ме немесе тарихи күні біткен саяси жүйенің қалдығы болып табыла ма?

 

Сенбі, 21 шілде 2012 7:40

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы көптеген сауалдарға жауап іздеттіруде. Соның бірі бізге де тікелей қатысты дер едім. Өйткені, бүгінгі күні қоғамда мынадай сұрақтар жиі туындайды: кәсіптік одақтар немен айналысады, кәсіпорындарда еңбек дауларын шешудегі олардың рөлі қандай, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде олардың функциялары қандай, кәсіпорындарда жұмысты ұйымдастыруда олар жұмыс берушілердің құралы болып табыла ма, еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары оларға тәуелді ме, мемлекеттік органдармен өзара қатынастары қандай? Осы сұрақтардың барлығын бір пікірге біріктіруге болады – Қазақстан кәсіподақтары қазіргі заманғы азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ме немесе тарихи күні біткен саяси жүйенің қалдығы болып табыла ма?

Қазақстан Республикасы Кә­сіп­одақтар федерациясының төр­ағасы ретінде маған және менің әріптестеріме осы сұрақтарға жиі жауап беруге тура келеді. Қазақ­стан­дық кәсіподақтардың біздің қоғамдағы рөлі мен мағынасы неде екендігін жақсы білетін адамдарды жиі кездестіру мүмкін емес екендігін мойындау қажет. Көпшілік үшін кәсіподақ ұйым­да­ры әлі күнге дейін өзіне және отбасы мүшелері үшін шипажайлар мен демалыс үйлеріне, лагерьлерге жолдама алуға мүмкін болатын көз ретінде қалып отыр. Мұндағы парадокс келесіде. Дәл осы адамдар кәсіпорындарда қан­дайда бір даулы жағдайларды, мемлекет деңгейінде көтерілетін әлеуметтік мәселелерді шешкен кезде кәсіподақтар белсенді ұста­нымды ұстанғанын талап етеді. Бір жағынан кәсіподақтарға ке­ңес­тік дәуірдегідей қарайды, екін­ші жағынан қазіргі заманның талаптарына сәйкес болу керек, бұл ретте өз құқықтарымызды өзі­міз­дің белсенділігімізбен қор­ғау керек екендігі ұмытылып қала береді.
Осы негізде, кәсіподақ ұйы­мы­ның бүгінгі таңдағы мәні мен рөлі неде екендігін талқылап кө­рейік. Бүкіл әлемде кәсіподақтар функциясы бірдей: өз құқықтары мен экономикалық мүдделері үшін күресте еңбекшілерді біріктіру, олар­ды жұмыс берушілердің оз­быр­лығынан қорғау, жалдамалы еңбек адамдарының мұқтаж­дық­та­рына жауап беретін әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу мақсатында мемлекетке ықпал ету. Қазақстан мемлекеттік тәуел­сіздігіне қол жеткізген сәттен бас­­тап біздің түсінгеніміз: еліміз­дің жаңа қоғамдық-мемлекеттік құ­ры­лымында кеңестен кейінгі, дәс­түрлі кәсіподақтар еңбек­ші­лер­дің құқықтары мен мүдде­ле­рін қорғау бойынша өздерінің міндеттері мен функцияларын қайта қараулары тиіс.
Қазақстандық кәсіподақтарға бұрында ешбір қызметкер жүріп көрмеген жолды өту қажет болатын. Біздер жаңа «жұмыс бе­ру­ші» және «жұмыскер» деген ұғым­дары бар еңбек қатынас­тары­ның мейлінше жаңа жүйесін құрастыру бойынша нарықтың барлық «жарқын жақтарын» өзі көрген кәсіподақ қызметкер­лері­нің бірінші ұрпағымыз. Бір кез­дері қуатты, бірыңғай барлық мү­лік мемлекеттік меншік кезіндегі баршаны қамтыған кәсіподақ жү­йесі болған Кеңес Одағы ыдырады. Революциялық және эво­лю­ция­лық қайта түрлену уақыт­тары­ның талабынан өту керек бол­ды. Бұл жаңа ізденістер уақы­ты ғана емес, жаңа кәсіподақтар, жаңа Федерация құру уақыты болды, ол қарама-қайшы еңбек және капитал жағдайларында жұ­мыскерді әлеуметтік қорғаушы ретінде өзінің заңды орнын нақ­тылады десек артық айтқандық емес. Осы көпжылдық тайғақ жол­дан өткен кәсіподақ қызмет­кер­ле­рінің жүздеген аттарын, лауазымдарын тізіп айта беруге болады.
Бүгінгі жетістіктерімізге біз күреспен жеттік. Негізінен біздің елімізде кәсіптік одақтардың жаңа жүйесі құрылды, ойлау қабілеті жаңа, жұмыс беруші мен жұ­мыскердің өзара қатынастарына көзқарасы жаңа жүздеген кәсіп­одақ көшбасшылары тәрбиеленді және өсті. Жалпы, осы үдеріс оңай болған жоқ. Сәтсіздіктер де, қателіктер де, ойластырылмаған ше­шімдер де, өзара реформалар барысы бойынша түсініспеуші­лік­тер де болды. Алайда, осының бар­лығын біздер жеңуге күш-жі­ге­рімізді салдық, соның нәти­же­сін­де, бүгінгі таңда азаматтық қоғам­ның кемелді, қажетті және жауапты бөлігі болып қалып­тастық.
Мен Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен кезінде, уа­қыт алдымызға қойған барлық әлеуметтік және саяси міндет­тер­ді тұтастай алғанда орындай алды деп есептеймін. Біз 20 жыл­дық жолды лайықты өттік және өз міндеттерімізді орындауды өзіміздің азаматтық борышымыз деп са­на­дық. Мұның барлығын елдегі қазіргі әлеуметтік ахуал да, қазақстандық қоғамдағы біз­дің ұйымымыздың іс жүзіндегі бе­делі де растайды.
Адам құқықтарын құрметтеу, қанағаттанарлық өмір сүру жағ­дайларын және қолайлы еңбек шарт­тарын қамтамасыз ету, ең­бек­пен қамтылу мүмкіндіктерін жақсарту, экономикалық тұрақ­ты­лықты арттыру – мұнын бар­лығы ҚР КФ барлық еңбекшілер үшін қамтамасыз етуге ұмты­латын әлеуметтік әділдіктің не­гіз­гі элементтері болып табылады.
Кәсіподақтардың басты ұра­ны «Еңбек адамына – лайықты өмір!». Кәсіподақтар федера­ция­сының қызметінде ең төмен және іс жүзіндегі еңбекақы мөлшер­лерін арттыру, оның уақтылы тө­ленуі, еңбекақы төлеудегі кемсі­ту­лерге жол бермеу мәселелері, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйелерін же­тілдіру басым болып қалуда. Кәсіподақтар еңбек заңнама­сы­ның барлық нормаларының, жұ­мыскерлер мен жұмыс беруші­лер­дің қатынастарын регламент­тейтін ұжымдық шарттардың бұл­жытпай орындалуын қадаға­лауға міндетті.
Кәсіпорындар ұйымдастыру­шылық-құқықтық нысандарына және меншік нысандарына қара­мастан, жұмыскерлерге тиесілі төлемдердің уақтылы төленуін қамтамасыз етуге, төлем мерзімі бұзылғаны үшін өзіне жауап­кер­шілік алуға міндетті. Олай бол­маған жағдайда жұмыс беруші мен меншік иесінің жауап­кер­шілігін күшейту бойынша заңды шаралар қолдану кәсіподақ­тар­дың құзыретіне жатады.
Кәсіподақтар федерациясы мү­ше ұйымдармен бірлесіп, «Ең­бекпен қамту-2020» бағдар­ла­масын іске асыруға белсене қатысуда, халықтың толық және жемісті еңбекпен қамтылуына ықпал етуде. Осы жұмыста назар жастарға, әйелдерге, халықтың әлеуметтік қорғалмаған қата­ры­на, зейнеткерлік жасқа жақын­да­ған адамдарға аударылуда. Сон­дай-ақ жұмыскерлерді заңсыз жұмыстан босатулардан және жұ­мыс берушілердің кәсіпорында еңбек құқығының нормаларын бұ­зуынан қорғау да кәсіподақ­тар­дың назарында болуы тиіс. Бұдан басқа, ұлттық табыс құры­лы­мындағы еңбекақы үлесін арттыру мәселелері де жиі көтерілетін проблемаларға жатады.
Жалпы алғанда, кәсіподақтар­дың басты функциясы – еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін бірінші кезекте мүше ұйымдары арқылы кәсіпорындар деңгейінде де, жалпы, қоғамда да қорғау. Кейбір ағайындар біз­дер­ді адамдарды көшелерге шығар­май­сыңдар, біздің талаптар туралы әрбір тиісті орындарға хабар­ламайсыңдар деп кінәлайтынына назар аудару керек. Мұндай бір­жақты қадамдар біздер әлеу­мет­тік үнқатысу шеңберінде қол жет­кізген оң нәтижелерге әкелер ме еді, тікелей тартыстар неғұр­лым мәнді жетістікке жеткізер ме еді деген сұрақтар туғызады.
Менің және көпшілік кәсіп­одақ көшбасшыларының ұстаны­мы – жоқ олай болмауы керек. Жалпы алғанда, кәсіподақтардың ұлттық наразылығы Қазақстан­ның қазіргі жағдайларында тиім­ді емес. Біз оларды тарихымызда ең қиын-қыстау 90-шы жылдар­да­ғы құлдырау мен дағдарыс ке­зінде де пайдаланған жоқпыз, өйткені, бұл біздің еліміздің сол кездегі мем­лекеттік тұрақты­лы­ғы­на зиянын тигізетінін түсіне білдік.
Күшпен шешілетін талаптар мен ұрандар бүгінгі күні де өзекті емес. Егер айтқан әңгіме мен істеген істің сәйкестігі туралы қозғалса, даулы мәселелердің барлығын бейбіт келісім жолы арқылы шешуіміз керек. Қа­зір велосипед ойлап шығарудың қажеті жоқ. Біздерге, кә­сіподақ қызмет­кер­леріне әрқашан мынадай ұс­та­нымдар жақын: «Еңбек адамына – лайықты өмір», «Еңбекшілердің құқық­та­ры үшін, әлеуметтік әділ­дік үшін, әлеу­меттік прогресс үшін», «Адам­ша өмір сүру мүмкіндігі үшін», «Жұмыс беруші мен жұмыскер түсіністігі жолында және тағы басқалар. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы­ның Кәсіподақтар федерациясы 26 салалық кәсіптік одақты, 15 аумақтық (облыстық және Астана қаласындағы) кә­сіп­одақ бірлесті­гін, оларда өз еркі бойынша бірік­кен 2 миллион 139 мың 683 мүшенің басын қосатын ел еңбекшілерінің неғұрлым өкіл­ді қоғамдық ұйымы болып та­былады. Кәсіподақтардың өз гимні, туы, гербі, кәсіподақ қыз­меткерінің этикасы, жыл сайын аталып өтетін мерекесі – Қа­зақ­стан кәсіподақтарының күні бар.
Қазақстандық кәсіподақ қоз­ға­лысының алдында тұрған бар­лық міндеттер Қазақстан Респуб­ликасы кәсіподақтарының 2010-2015 жылдарға арналған стратегиясында өзінің көрінісін тапты. Біздің басты стратегиялық әре­кет­теріміз бірінші кезекте еңбек­ақы төлеу саласындағы кәсіподақ саясатына негізделген. Кәсіп­одақ­тар өзінің табиғаты бойынша және қойылған талаптарға сәйкес лайықты еңбек және оның лай­ық­ты бағалануын қадағалап, жұ­мыс­кер­лер мен олардың отбасы­лары­ның әл-ауқатының артуын тұрақты қамтамасыз етуге мін­детті. Біздің мақсатымыз – эко­но­миканың ор­нық­ты дамуына ба­ғыт­талған ке­шен­ді де кең ауқым­ды әлеуметтік-экономикалық саясат қалыптас­ты­ру, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұ­рақты еңбекпен қамтылу, Ұлттық өмір сүру стандартын енгізу есебінен Қазақстан азаматтары табыстарының артуына, кедейлік ауқымының қыс­қаруына тұрақты қол жеткізу.
Қазіргі уақытта қазақстандық­тардың өмірін сапалы жақсарту үшін жаңа тиісті тәсілдер қажет. Осы ахуалды ескере отырып, кә­сіподақтар бірқатар заңнамалық актілерді әзірлеуді және қабыл­дауды талап етуде. Бұл тұтыну бюд­жетінің және ең төмен еңбек­ақы нормаларын реттейтін «Ең төмен тұтыну бюджеті туралы», «Ең төмен еңбекақы туралы» заңдарға қатысты. Біз жақын жыл­дары ішкі жалпы өнімдегі ең­бекақы үлесін 5-6%-ға кө­те­ру­ге және өнімнің өзіндік құнын­да­ғы еңбекақы үлесін арттыру ар­қы­лы еңбек пен капитал ара­сын­дағы қайшылық­тар­ды нақтылы жұмсартуға атсалыспақпыз.
Кәсіподақтар федерациясы Ст­ра­­тегиясының шеңберінде оның мүше ұйымдары Ұлттық өмір сүру стандарты бойынша ұсы­ныс­тарды 2007 жылы әзірлеп, Парламентке, Үкіметке, «Нұр  Отан» ХДП-ға жолдаған болатын. Олар ең төмен өмір сүру деңгейі (тұтыну кәрзеңкесі), еңбекақы тө­леу (ең төмен еңбекақы), ден­сау­лық сақтау, білім және ғылым, мәдениет, еңбекпен қамтылуды қамтамасыз ету, әлеуметтік сақ­тан­дыру, экологиялық қауіпсіз­дік­ті қамтамасыз ету, азамат­тар­дың әлеуметтік құқықтарын қор­ғау сияқты әлеуметтік қатынас­тар­дың негізгі салаларын қам­ти­ды. Біраз шаралар қабылданды, іс алға жылжи бастады. Пар­ла­менттің жаңа шақырылымының Әлеуметтік-мәдени даму жөнін­дегі комитетінің депутаттары кә­сіподақтардың қатысуымен жұ­мыс тобын құрды және біздің ұсыныстарымызды қарауға кі­ріс­ті, нәтижелі қорытындыға үміт­тенетін боламыз.
Кәсіподақтардың тағы бір төл міндеті – еңбек құқығы сала­сын­дағы заң шығару жұмысына ті­келей қатысу. «Еңбек» кәсіп­одақ­тық депутаттар тобының тікелей қатысуы кезінде 2007 жылы күшіне енген Қазақстан Респуб­ликасы Еңбек кодексінің қабыл­дануы біздің еңбек заңнама­мыз­ды еңбек саласында жалпы та­нылған халықаралық стандарт­тар­ға жақындатуға мүмкіндік бер­ді. Оның құрылымы мен маз­мұны елде еңбек қатынастарын құру мен реттеудің өркениетті тәртібін қамтамасыз етеді, ол ха­лықаралық практикаға толықтай дерлік жауап береді, жұмыс­кер­лер мен жұмыс берушілер мүд­делерінің теңгерімін сақтауға мүм­кіндік туғызады. Кодекс кә­сіп­одақтарға қажетті өкілеттіктер мен кепілдерді ұсынды және олардың функцияларын жүзеге асыру үшін құқықтық алаң құ­ра­ды. Еңбек кодексіне сәйкес жұ­мыс беруші ұжымдық шарт бойынша ұйымда әрекет ететін кә­сіптік одақтың қызметіне жағдай жасайды.
Еңбек кодексінде, сондай-ақ еңбек қатынастарын реформалау көзделеді. Ол еңбек рыногының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, демократиялық және рынок­­тық түрлендірулерге жауап бе­ретін және біздің елімізде бү­гінгі күні туындап отырған ха­лықаралық үрдістерге жауап беруге, БСҰ, Біртұтас экономика­лық кеңістіктің тең құқылы мүшесі болуға мүмкіндік беретін экономикалық орындылықтың жұ­мыскерлердің еңбек және әлеу­меттік құқықтарын қорғаумен үйлесімді болуына бағытталған.
Кәсіподақтар федерациясына Конституцияда, халықаралық шарт­тарда кепілдік берілген аза­маттардың барлық құқықтары мен бостандықтарын, еңбек ер­кіндігін, қауіпсіз еңбек шарттарына, еңбек үшін тиісті төлемді қамтамасыз етуді Еңбек кодек­сі­не енгізуге барлық мүмкіншілігін пайдаланды. Заң бойынша төлем құқығын қамтамасыз ету мақ­сатында еңбекақы көлемі заң­на­малы бекітіледі, оның шамасы жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі­не, мөлшері мен сапасына қарай ажыратылып белгіленеді.
Кәсіподақтардың белсенді әре­кеттерінің арқасында әрбір жұмыскерге оның үлесіне сәйкес лайықты еңбекақыны қамтама­сыз ету мәселесі еңбекақы жүйе­сіндегі 75 пайыздан кем емес тарифтік бөлікті бір мезгілдік ынталандыру төлемдерін ескеру­сіз қамтамасыз ету жолымен өз шешімін тапты. Жұмыс істейтін адам кедей болмауы тиіс! Бұдан басқа, Кодекске «Ең төмен ең­бек­ақы төлеу стандарты (ЕЕТС)» ұғымы енгізілді, ол ауыр жұ­мыс­тарға, зиянды (аса зиянды) және қауіпті еңбек шарттарындағы жұ­мыстарға тартылған жұмыс­кер­лердің көтермелі еңбекақысының нормасын көздейді. Еңбек ко­де­к­сін­де, сонымен қатар, әлеу­мет­тік серіктестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдердің рөлін күшейтуге ерекше назар ауда­рылған.
Еңбек кодексі нормаларының шамамен 80%-ы жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы келіс­сөз­дер арқылы реттелетінін атап өту қажет. Осы талапты жұмыс беруші тарапынан елемеу кәсіп­орындардағы даулы жағдайларға жиі әкеледі, жұмыскерлерді заң­сыз әрекеттерге және наразылық акцияларына итермелейді. Мұн­дай жағдай­ларды болдырмау үшін, сондай-ақ, трипартизм инс­ти­тутын бар­лық деңгейлерде же­тілдіру және оларға жедел ден қою үшін мақ­сатты бағытталған жұмыс қажет.
Біз жұмыскер болсын, зейнеткер, студент және т.б. болсын, әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын бағалаудың шешуші эле­менттерінің бірі ретінде ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын айқындау әдістемесін жетілдіру мәселесі бойынша белсенді жұ­мыс жүргізудеміз. Осы тақы­рып­қа ұлттық және халық­аралық сарапшылармен дөң­гелек үстелдер, жұмыс кездесулері өт­кі­зілді, ұсы­нымдар әзірленді. Таяу арада Ха­лықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) өкілдері әлеу­­мет­тік серіктестерін өзінің осы жылғы есебімен таныстырады. Алайда, біз Үкі­мет­пен осы бағытта нақты қадам­дарға қол жеткізе алмағаны­мызды атап өту қажет. Бірақ, қазіргі заманғы қалыптасқан эк­о­номикалық, қар­жы жағдайларын ескере отырып, заңнамалық дең­гейде бекітілген қандайда бір үлгі-қалып қажет екендігін мой­ындауға тиістіміз.
Кәсіподақтар Федерациясы қа­зақстандық трипартизм жүйе­сінде толыққанды әлеуметтік серіктес болғанын атап өтуге болады. 2011 жылғы 29 желтоқ­санда құқықтық акт күші бар Бас келісімге кезекті қол қою жүзеге асты. Сондай-ақ, келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Бас келісімді іске асыру жөнін­дегі іс-шаралар жоспары бір уақытта әзірленді. Осы жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемле­кеттік бағдарламасын, «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
Бастауыш ұйымдар деңгейін­де елде 17 409 ұжымдық шарт қа­былданған, бұл кәсіподақ ұйым­дары жұмыс істейтін кәсіп­орындар мен мекемелердің 95,4 пайызын құрайды. Олар да құ­қықтық акт болып табылады, оның шарттарының орындалуы үшін жұмыс беруші де, кәсіподақ та жауап береді.
Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы бүгінгі күні жүзеге асырып жатқан жұмыстың үлкені – бұл қоғамды нақты әлеуметтік түрлендірулер. Соңғы жылдар­да­ғы кәсіподақтар қызметіне қо­ғамдық қызығушылық, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің саны артқаны осыны аңғартады. Және де біздің қоғамда беделге ие болғанымызды, әлеуметтік үнқа­ты­судың ажырамас бөлігіне ай­налғанымызды көрсетеді. Алайда, әрине, барлық проблемалар ше­шілді деп айтуға әлі ерте. Жұмысқа формальді көзқарас орын алатын тұстар, жұмыс­кер­лерінің құқықтарын қорғау ісін­дегі өзінің рөлін толық деңгейде түсінбеушілік, барлық деңгей­лер­де­гі кәсіподақ ұйымдары басшы­ларының, соның ішінде, бастауыш ұйымдары төрағаларының тарапынан әрекетсіздік фактілері бар екенін жасыра алмаймыз. Және де, егер ашық айтатын бол­сақ, жеке салалық және өңірлік кәсіподақтар арасында да келі­сілмеген әрекеттер орын алады, бұл біздің ортақ күш-жігерімізді біріктіруге кедергісін тигізеді.
Мынадай да пікір айтқым ке­леді. Қазақстан кәсіподақтары­ның көптеген көшбасшылары өз жұмысын кеңестік дәуірде бас­таған. Мен сол кәсіподақ көш­бас­шылары мемлекет пен қоғамда болып жатқан жаһандық өзге­ріс­терді түсінбейді деп айта алмаймын. Олардың көпшілігі нарық­тық жағдайдағы кәсіподақ қоз­ғалысының мектебінен өтті. Ең­бек адамының тамаша өкілдері бола білді. Алайда, бірқатар жағ­дай­ларда жүріп жатқан үдеріс­тер­ге нем­құ­рай­лы көзқарас кәсіп­одақ бір­лестіктерінің жұмысын жергі­лікті жерлерде де, жалпы, Федерация деңгейінде де тежей­тінін атап айтуға тура келеді. Әрине, мұндай жағдайды өзгеру үшін, соған бағытталған қажетті шаралар да белгіленген. Дегенмен, біз еңбек адамының құқық­та­ры мен заңды мүдделерін қор­ғауды жаңа деңгейге шығаратын кәсіподақ көшбасшыларының жаңа ұрпа­ғын дайындап, оларды қалып­тас­тыру мәселелеріне көңіл аударуымыз керек екенін түсінеміз.
Қорытындылай келе айт­қан­да, біз қазіргі заманғы қазақ­стандық қоғамда, нарықтық экономикада, заманауи саяси шын­дықтарда, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы өзара қатынастарда, сондай-ақ мемле­кет­тік деңгейдегі трипартизм жүйесінде кәсіподақтар қандай рөлге ие деген сұраққа қайта ораламыз? Бұл сұраққа мәнді бір жауап табу, әрине, қиын. Әлі де көптеген проблемалар, ауқымды жұмыс «тырнақшада» қалып отыр. Және де бұл жағдайларда барлық кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділеріне бүгінгі күн туралы да, қазақстандық кәсіп­одақ қозғалысының болашағы туралы да, біздің еліміздің бола­ша­ғы туралы да ойлану қажет болады және ол – ортақ азаматтық борыш.
Әлемдік жұмысшылар қоз­ға­лысы да күрделі уақыт сынынан өтуде. Қаржы-экономикалық дағ­да­рыс, кең ауқымды жаһандану үдерістері, жұмыс орындарының жаппай қысқаруы, кәсіподақтар құқықтарына араласу еңбек­ші­лердің көптеген наразылықтары мен ереуілдерін туындатып отыр. Мұндай құбылыстарды болдырмау үшін елімізде серіктестік қатынастардың барлық тараптарына: мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілер бірлестіктеріне және кәсіподақтарға жаңа әлем­дік құрылыс алға қоятын барлық мәселелерді шешуде неғұрлым жауаптылықпен қарау міндеті ең өзекті мәселе екенін естен шығармауымыз қажет.
Сиязбек МҰҚАШЕВ,
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.