Бокс • 25 Ақпан, 2019

Головкин «Миллиард» жобасынан 45 млн доллар алуы мүмкін

771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN онлайн-стриммингі ұсынған мәміленің шарттарына келісім берді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлады.

Головкин «Миллиард» жобасынан 45 млн доллар алуы мүмкін

Головкин телеплатформамен бұрын келісімшартқа отырған Эдди Хирнмен де (Matchroom Boxing), Оскар Де Ла Хойямен де (Golden Boy Promotions) әріптес болмайды.

Мәміленің шарттарына сәйкес, телеарна Головкинге компания акцияларын беріп, нақты белгіленген жекпе-жек күндерін айтуы тиіс. Боксшы осы стриммингте кем дегенде үш, ең арысы алты жекпе-жек өткізу міндетін алып отыр.

Ол көктемнің соңы немесе жаз айларының басында рингке оралып, шамамен 15 миллион доллар алады. Ал 2019 жылдың қыркүйек айында WBC/WBA Super белбеулерінің иесі мексикалық Сауль Альвареспен (51-1-2, 35 КО) болатын жекпе-жекте Головкинге тағы 30 миллион доллар шамасында қаражат төленеді.