Спорт • 25 Ақпан, 2019

Панарин мен Құлматов бадминтоннан Әлем кубогінде үздік үштіктен көрінді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Угандада бадминтоннан әлем кубогі кезеңі аяқталып, қазақстандық спортшылар  жұптық сында қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Панарин мен Құлматов бадминтоннан Әлем кубогінде үздік үштіктен көрінді

Олимпиада ойындарына ұпай тарататын рейтингілік турнирге Қазақстан атынан Дмитрий Панарин, Артур Ниязов пен Хайтмұрат Құлматов қатысқан болатын. 

Үш спортшымыз да жекелей сында жеңіліске ұшырады. Ал Құлматов пен Панарин жұптасып жарысуда әлем кубогінің қола медалін иеленді.

Олар жалпы есебі үш кездесу өткізіп, шешуші матчта Үндістан спортшыларына есе жіберген.

Кубоктік кезеңдегі жүлделі орын біздің спортшылардың әлемдік рейтингтегі ұпайын еселеді. Олар Угандадағы турнирден 1700 ұпай еншілеген.