«24 ақпанда сағат 21:00-де өртке қарсы қызмет тетігіне Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкене көл ауылындағы екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Газ баллоны редукторының ақауынан газ-ауа қоспасы атылып, оның арты өртке ұласқан. Өрт салдарынан 12 шаршы метр алаңдағы жиһаз отқа оранған» деді Н.Нұрахметов.
Оның айтуынша, өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт 21:37-де ауыздықталып, 21:56-да толық сөндірілді.
«Өрт салдарынан күйіп қалған 1964 жылы туылған ер адам жедел-жәрдем көлігінің каретасында көз жұмды. Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамдағы 5 адамы мен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды» деді ТЖК төрағасы.