Спорт • 25 Ақпан, 2019

Жансель Дениз таеквондодан «Egypt open» турнирінде күміс жүлдегер атанды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Египеттің Хургада қаласында таеквондодан G2 санатындағы рейтингілік турнир мәресіне жетті. Соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны бір күміс медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жансель Дениз таеквондодан «Egypt open» турнирінде күміс жүлдегер атанды

73 келідегі ұлттық құрама үздігі Жансель Дениз ақтық сында германиялық спортшыдан ұтылып, турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Жарыстың бірінші күнінде Айнұр Есбергенова мен Нұрлан Мырзабаев қола жүлде тағынған болатын. 

Осылайша, Египет төріндегі рейтингілік турнирден Қазақстан құрамасы үш медаль иеленді. Турнирге жалпы есебі 200-ден аса спортшы қатысты.