Спорт • 25 Ақпан, 2019

Екатерина Айдова спринтерлік көпсайыстан Әлем чемпионатында үздік бестікке енді

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Херенвен (Нидерланд) қаласында өтіп жатқан спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионатында қазақстандық Екатерина Айдова 5-ші орыннан көрінді деп хабарлайды Olympic.kz.

Екатерина Айдова спринтерлік көпсайыстан Әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Жарыс ережесі бойынша спортшылар 500 және 1000 метрді екі реттен жүгіріп өтуі тиіс. Бірінші жарыс күнінен соң сегізінші орында тұрған Айдова жалпы есепте бесінші орынға көтерілді. 

Спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионы атағын жапониялық Нао Кодайра жеңіп алды. Күміс жүлде тағы бір жапондық спортшы Михо Такагидің еншісінде. Қола медальді америкалық Бритни Боу иеленді.