Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Бүгін Астана мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Шымкентте дүйсенбіде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Астана мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, Астанада қар жаууы мүмкін, 5-10 метр/секунд жел тұрады. Күндіз -6-8 және түнде -12-14.

Алматыда күндіз бұлтты, жауын-шашынсыз, 1-5 м/с жел тұрады. Күндіз +1+3, түнде 0-1.

Шымкентте күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, 5-10 м/с жел тұрады. Күндіз +8+10, түнде +2+4.