Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Қызылордада су тасқынына дайындық жүріп жатыр

609 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемнің алғашқы күндері Қызылорда облысы үшін әбігермен басталуы мүмкін.

Қызылордада су тасқынына дайындық жүріп жатыр

Өйткені, күн қызуынан Сыр бойындағы мұздақтар тұтасып қызыл су жағаға шығып кетуі мүмкін. Бүгінде Шардара су қоймасында 4,4 млрд. текше метр су бар. Одан шыққан 700 текше метр судың 390-ы Сырдария арқылы Қызылордаға, қалғаны Көксарай су реттегішіне түседі. Көктемде сең жүрсе су бекеттеріне қиындық түсері сөзсіз. Сондықтан, су жайылуы мүмкін аймақтар нақтыланып, қауіптің алдын алу жұмыстары пысықталуда.

- Су ресурстары комитетімен келісе отырып, «Шардарадан», «Көксарайдан» төменге қарай босатылатын суды алу мақсатында кестесі бекітілді. Магистральдық каналдарымыз және көлдер жүйесі әзірленді. Арал ауданында Аманөткел елді мекені тұсындағы 758 метрді құрайтын қорғаныс бөгеттерінде, Қазалы ауданында Абай елді мекенінде 3 шақырымнан тұратын қорғаныс бөгетінде, Жалағаш ауданында және Қызылорда қаласының тұсындағы «Лесхоз» учаскесінде қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр,-дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan».

Қызылорда облысы