Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, топ үйлестірушісі Бектас Бекназаров және ТМД ПАА Бас хатшысы істерін уақытша атқарушы, ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының жетекшісі Дмитрий Кобицкий ұйымдастыру отырысын өткізді және қысқа мерзімді мониторинг кезіндегі топтың міндеттері мен халықаралық байқаушылар өз қызметінде ұстанатын негізгі қағидалар айтылды.
Демократия мен парламентаризмді дамыту және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттерде азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу халықаралық институтының сараптама тобының басшысы Дмитрий Барышников ұзақ мерзімді мониторинг жүргізудің нәтижелері, сондай-ақ осы институттың сарапшылары дайындаған талдау және анықтамалық құжаттар мен оның қорытындылары туралы әңгімеледі.
Институт директоры Дмитрий Гладей топ мүшелерін алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарымен, оның ішінде байқаушылардың қалауы бойынша әзірленетін дауыс беретін күнгі бағдарлармен таныстырды. Демократия мен парламентаризмді дамыту және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттерде азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу халықаралық институтының қызметкерлерінен құралған байқаушылар Молдова Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кандидаттар мен тіркелген халықаралық байқаушылар миссиясына арнап ұйымдастырған кездесуге қатысты.
Жүздесуде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де болды. Кездесуге қатысушылар сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және сайлау алды науқанының барысында құқық бұзушылықтарды жою қажеттігі мен ұлттық және халықаралық байқаушылар жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Айтылған ақпарат топ жұмысының нәтижелері бойынша құжаттарды әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.