Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

2018 жылы 8 мыңнан астам астаналық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан 824 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 492-і – жас мамандар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

2018 жылы 8 мыңнан астам астаналық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты

Астана әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында белгілі болғандай, өткен жылы орталықтың көмегіне 20 мыңнан астам адам жүгінсе, олардың 8 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасына және түрлі жұмыс орындарына 836 жас маман жолданған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 200-ден астам адам жолданды. Оның 82-і – жастар. Ал, екі мың адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олардың  1239-ы – жастар.

«Сонымен қатар орталық қайта оқытумен айналысады. Өткен жылы 700 –ден астам адам мобильдік қосымшаларды әзірлеуші, киберқауіпсіздік саласындағы маманы, анимация және видеографика, тігінші, дәнекерлеуші, кондитер  сияқты мамандықтар бойынша білім алды», – деді Жұмыспен қамту орталығының директоры Абай Баймульдин.

Екі мыңнан астам адам кәсіби техникалық мамандық бойынша оқып шықты. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында 70-тен астам мемлекеттік грант бөлінген болатын.

Осылайша, 2018 жылға қойылған мақсат толық орындалды. 2019 жылы орталық жастарды жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аудармақ. Жыл басынан 824 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың 492-і – жас мамандар. Қазіргі күні 4 мыңнан астам бос орын бар.