Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Қазалы ауданындағы көпірде ақау бар

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданында жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын жаңа көпірдің ақауы білінді.

 

Қазалы ауданындағы көпірде ақау бар

«Әлсейіт» көпірі - ауыл тұрғындарын аудан орталығымен байланыстыратын төте жол. Бұл көпір арқылы Арал ауданына қарасты бірнеше елді мекеннің халқы Қазалыға қатынайтын еді.

- Судың көп болып, мұздың жоғары деңгейде қатуына байланысты тіреуіштері отырған. Қазіргі таңда оны бұзып, қайтадан бетон тіреуіш дайындап жатыр. Жобаны жасаған кезде барлығы зерттелген. Қазір құрылысшылар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр, - деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов .

 «Әлсейіт» көпірінің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. Жоба бойынша маусым айында пайдалануға берілуі керек еді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

  Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше