Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Ұлттық стандартқа ұсыныстар жинақталуда

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаев ұлттық стандарттар әзірлеуге ұсыныстар жинақталып жатқандығын айтты.

Ұлттық стандартқа ұсыныстар жинақталуда

«Тоғыз ұсыныс уәкілетті органға қарау үшін жолданды. Олар: «Қуат» ЖШС-нен поливинхлоридтен және полиэтиленнен дайындалған құбырлар туралы 4 ұсыныс-өтініш, «Smart Rubber» ЖШС-нен резина ұнтақтағы және топырақ суғару трубалары туралы 2 ұсыныс-өтініш, «Электортехнология» ЖШС-нен автоматикалық басқару станциясы және электродвигательді басқару станциясы туралы 2 ұсыныс-өтініш, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Қызылорда филиалының биологиялық белсенді қоспалар методикасы туралы 1 өтініш-ұсыныс түскен», - деді Ерқанат Кеулімжаев.

Сонымен қатар, өнімдерді каталогтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

 Қызылорда облысы