Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Жасөспірімдер неге сөз көтере алмайды

626 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айналмай жатып кәмелетке толмағандардың үйінен кетіп қалғанына полиция департаментінде жеті оқиға тіркеліпті.

Жасөспірімдер неге сөз көтере алмайды

Облыстық полиция департаменті «ыдыс жумадың» деп ұрысқан анасының сөзін көтере алмай үйінен безіп кеткен жетінші сынып оқитын қызды қаладағы базар аумағынан тапқан.

«Жасөсіпірімді ювеналды және патрульді полиция өкілдері жұмыла іздеді. Көпқабатты үйлердің өжіре, шатыр, аулаларын, құрылыс жүріп жатқан обьектілерді, мекемелер аумағын аралап, тұрғындардан сұрастырды. Бала қала тұрғынының хабарламасынан – екі сағаттан кейін ғана ескі базар маңынан табылды. Полицейлер жоғалған қызды ата-анасына аман-есен қолхатпен тапсырды», – дейді баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің сәл нәрсеге бола ренжіп өз-өзіне қол салу оқиғалары республикамыздың әр түкпірінде орын алып жатыр. Мектепте мұғалімдерден бөлек, психологтар бар болғанымен көбіне оқиғаның алдын алуда дәрменсіздік танытады. Жуырда әлеуметтік желіде белгілі журналист Санжар Керімбаевтың Франкл қағидаттарына негізделген сұхбаты жарық көрді. Білім ошақтарында дәріс оқыған азамат қысқа уақытта жақсы нәтижелерге жеткен. Адамды дағдарыстан, томаға-тұйық, күйзелістен шығаратын осындай сабақтар ұрпақ тәрбиесінде нәтиже беретін сияқты. Ата-аналар мен ұстаздар қауымы зерттеп көрсе артық болмас еді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

 Қызылорда облысы