Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды

892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр қызметіне Асқар Маминды тағайындауды Мәжілістің қарауына ұсынды. Бұл туралы Ақорданың туиттердегі парақшасы мәлімдеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып жатыр.

«Үкімет барлық қажетті өкілеттіктерді алды және халық алдында өз міндеттерін айқын орындауы тиіс», деді Нұрсұлтан Назарбаев жиын барысында.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басқарды, Астана әкімі және көлік және коммуникация министрі қызметтерін атқарды. Бірінші вице-премьер лауазымында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Үкімет тараған уақытта Премьер-Министрдің міндетін атқарды.