08 Тамыз, 2012

Көңілді каникул күндері

356 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Көңілді каникул күндері

Сәрсенбі, 8 тамыз 2012 7:52

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы көптен бері өнім өндірумен қатар сауабы мол істерді де атқарып келеді. Оның нақты көрінісі – бар жақсыны балаларға бағыттаған жұмысы болып отыр. Компания Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны орналасқан маңайдағы ауылдардың балаларына 2004 жылдан бастап «Талап» жазғы лагеріне демалуға жолдамаларды беруді игі дәстүрге айналдырған. Оны одан әрі айналдыруды мақсат еткен.

 

Сәрсенбі, 8 тамыз 2012 7:52

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы көптен бері өнім өндірумен қатар сауабы мол істерді де атқарып келеді. Оның нақты көрінісі – бар жақсыны балаларға бағыттаған жұмысы болып отыр. Компания Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны орналасқан маңайдағы ауылдардың балаларына 2004 жылдан бастап «Талап» жазғы лагеріне демалуға жолдамаларды беруді игі дәстүрге айналдырған. Оны одан әрі айналдыруды мақсат еткен.

ҚПО демеушілік қызметін тұ­рақты негізде жүргізеді. Жергілікті  қоғамдастықтарды дамыту жөнін­дегі жобаларға қаржылық қолдау көр­сетудің негізгі бағыттары Кон­суль­тативтік кеңестердің отырыстарында анықталады. Мұндай кеңес­тер кә­сіпшілікке таяу маңдағы төрт кентте әрекет етеді. Балалардың жазғы демалысы – аталған кеңес­тердің арқа­уына айналған тұрақты басымдық­тарының бірі. Жазғы каникул кез­дерінде бөрлілік жеткін­шек­тер Орал­­дағы «Талап» гимназиясы жанында ашылған лагерьге барып демалуды ұнатады. Биылғы жаз айларында Қарашығанақ кен орны­ның аумағындағы Бөрлі ауданының Успеновка, Приуральный, Жарсуат және Березовка ауыл­дарының жасы 7-ден 14-ке дейінгі 160 ұл мен қызы тыны­ғып, бой тү­зейді. ҚПО-ның ор­нықты даму бөлі­мінің халықпен жұ­мыс жөнін­дегі маманы Ақмарал Әді­лова атал­ған жұмыспен бірнеше жыл­дар бо­йы айналысып жүр. Оның айтуынша, «Талапта» балалардың жақ­сы демалып, күш жинауына жан-жақты жағдай жасалған.
– Балалар мұнда тез бейімделіп, өздерін танытуға құштар болады, – дейді ол. – Әр баланың өзіндік талабы мен таланты бар. Міне, осы ұшқын­дарды танып-білуге ұстаздар көмекке келеді. Жеткіншектердің ру­­хани же­тілуіне ақыл-кеңестерін беріп, талмай ізденіс танытады. Олар­дың қа­лып­тасып, тіл табысып кетулеріне де жол сілтейді. Шын мәнінде, «Талапта» бәрі танымды әрі пайдалы. Балалар үйле­ріне үне­мі үлкен әсермен оралады. Мұнда алғаш рет болған жеткін­шек келесі жолы да келуге асығары сөзсіз.
«Талапта» болып жақсы істерге талаптанған жеткіншектердің жүзін көргенде еріксіз қуанышқа кенеле­сің. Әр ауысым сайын лагерьге ке­летін балаларды бүйірінде «Қара­шы­ғанақ» деген жазуы бар жайлы автобустар жеткізеді. Олар демалыс орнына аяқ басқан сәттен бастап-ақ өздерін керемет жақсы сезінеді. Алдымен та­ныстық басталады. Содан кейін барып жасақ сардары таңда­лады. Өзара сыйластық пен көмекке қол созу тәрізді жақсы дәстүр қа­лыптасып, соңы достыққа ұласады. Жабдықтар мен ойыншықтарға ұқып­­ты қарап, күтіп ұсталады. Ішкі тәртіп мәселе­лері ұдайы назарда. Ертеңгілік жат­тығулар ерекше сер­пі­ліспен орындалады. Өйткені шынық­саң шымыр бо­латының анық. Бұл тәлімге бәрі үйір.
Лагерьде уақытты барынша пайдалы әрі қызықты етіп өткізу мәсе­лесі ойластырылған. Бірінші кезек­тегі міндет – ол балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі болып жүруі. Бұл орайда түрлі іс-шаралар ұйымдас­ты­рылады және жүйелі жүргізіледі. Ал дәрігерлер жеткіншектердің шы­нығуын жіті қадағалайды. Сондай-ақ серуенге шығу, облыстық тари­хи-өлкетану және экология мұра­жай­ларына, театрға, филармонияға, шағын хайуанаттар саябағына барып танымдарын арттыруға да кең жол ашылған. Биылғы жаз ыстық болып тұр. Осыған байланысты қа­ла саябағында демалу үшін «Талап» олармен шарт жасасқан. Балалар саябақтағы жағажайда суға түсіп, таза ауа жұтып тынығады. Жаз жайнатып, күн күлдіреді.
Лагерьдегі тәрбиешілер әр бала­ның жүрегіне жол табуға әбден ма­шықтанып алған. Өзара татулық пен достық турасында көп жұмыс тындырады. Осы жұмыстарға ұйытқы болып жүрген Ольга Казанцеваның еңбегі ерекше. Ауысымның әр күні нақты бір тақырыпқа арналып қо­йы­лады. Мәселен, «Басқа плане­та­лық­тар» күнінде әр жасақ өзінің ың­ғайына қарай ғаламшар мен кос­тюмдерді ойлап табады. Бұл ки­ім­дерді әрине өздері жасайды. Оған негізінен қағаз, газет, бумалар жұм­салады. Бір сөзбен айтқанда, қиял мен қол өнеріне кең өріс ашыл­ған. «Лагерь аруы» атағына конкурс өтіп тұрады. Ал  «Серілер» күнінде балалар жүректілік пен ептілікке күш сынасады. Би, сурет конкурстары мен спорт сайыстары жиі өткізіледі. Кешкілік күн қо­рытындысы шыға­рылады. Белсен­ділік танытқан балалар дипломдармен және тәтті жүл­де­лермен (тәттілермен) марапатталады.
– Бөрлі ауданынан келген балалар жайдары және кез келген іске ынталы, – деп түсіндіреді лагерь директоры Татьяна Лариончева. – Лагерьде балалар бірауық компьютерден қол үзіп, ай­налаға шын мәнінде ауани қарай алады. Мұндай «үзіліс» бір сәт болса да денсау­лыққа  пайдалы екен­дігі сөз­сіз. Теледидар тек ауа райы қолай­сыз болған жағдайда көрсетіледі. Бұның бәрі табиғат аясында шынайы де­малудың көрінісі. Лагерьде күніне алты рет тамақ беріледі. Екі таңғы ас, оның біреуі – дәруменді. Және де екі кеш­кі ас, оның біреуі – сүт өнімдері. Ұлт­тық ас үйінің та­ғамдарын  да дайындаймыз. Бала­лар­дың ұялы телефондары сейфте сақталады. Ауысым аяқ­талған кезде ғана қайтары­лады. Ал олар ата-аналарымен арнайы бөлінген уақытта қалааралық байланыс бойынша сөйлеседі.
Лагерьде өткен күндер туралы арнайы стенд жасалады. Онда балалар мен тәрбиешілердің таңдаулы сурет­тері ілінеді. Жасөспірім тіл­ші­лер жасақ қабырға газеттерін шы­ғаруға да ынталы.  Үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған. Әр­кім өзінің қа­лаған сүйікті ісімен айналысады. Қызыққа толы күндер де зулап өтеді. Соның қорытынды­сын­дай, қоштасу алауы жағылады. Приуральный кенті­нен келген Динара Сұлтанбекова мен Аслан Қадыр­беков «Талаптағы» үлгілі істер туралы ризашылықпен ай­тып, келесі кездесуді асыға күте­тіндерін жасырмайды.
ҚПО-ның орнықты даму жөнін­дегі есебінде атап көрсетілгеніндей, кен орнының инвесторлары аудан­дық «Менің ауылым – менің Отаным» атты суреттер, фотосуреттер және шығармалар конкурсының де­меушісі болды. Үздік жұмыстар арнайы тізбеге енгізілді. Олар биыл жарық көрді. Қаржылық қолдау «Бәйтерек» мүгедек балалардың ана­лары бір­лестігіне, мүмкіндігі шек­теулі бала­ларға арналған білім беру орталы­ғына,  «Грация» бала­лар-жас­өспі­рімдер волейбол клубына көр­сетілді. Ақсайдағы өнер мектебі оқу­шыла­рының Италияға барып келуіне қар­жы бөлінді. Со­ның нәтижесінде олар Рим, Венеция және Ватиканның галереялары мен мұражайларында болып,  Фло­рен­ция­дағы шеберлік сыныбына қа­тысты.  «Адем» би ан­сам­блі ҚПО-ның көмегімен Саратовта өткен ха­лық­аралық балалар фес­тиваліне қа­тысуға мүмкіндік алды. «Қара­шы­ғанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қаржы­сына Бөрлі ауданының балаларына ойын­шықтар, кітаптар, тренажерлер, ал мектептер мен балабақшаларға жи­һаздар сатып алынды. Бұл компа­нияның игілікті істерінің толық тізі­мі емес. Ол алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
«Талап» лагерінің директоры Татьяна Лариончева Қарашығанақтың инвесторлары туралы тек тартымды ғана әңгіме қозғайды. Себебі, олар бизнестің әлеуметтік жауапкерші­лігінің үлгісі, құрметке лайықты және өнегелі істің бастамашысы.
Марат АҚҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.