Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Асқар Мамин Премьер-Министр лауазымына тағайындалды

3085 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаев жаңа Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың туиттердегі парақшасы хабарлады.

Асқар Мамин Премьер-Министр лауазымына тағайындалды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып жатыр. Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр қызметіне Асқар Маминды тағайындауды Мәжілістің қарауына ұсынған болатын. Мәжіліс депутаттары Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

«Үкімет барлық қажетті өкілеттіктерді алды және халық алдында өз міндеттерін айқын орындауы тиіс», деді Нұрсұлтан Назарбаев жиын барысында.