Осы мақсатта Алматыдағы «Орталық мемлекеттік архивінде» өткен «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» тақырыбындағы дөңгелек үстелде құнды құжаттарды электронды әрі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшіру мәселелері талқыланды.
Бүгінде бір миллионнан астам қоры бар Орталық мемлекеттік архив директорының міндетін атқарушы Арнұр Қарымсақовтың айтуынша, құжаттық дереккөздердің толыққанды кешенін сақтау және оларды жан-жақты пайдалану барысында сандық жүйенің рөлі жоғары. Оның нәтижесінде көптеген сирек қолжазбаларды ұзақ сақтауға әрі ежелгі дәуірлерден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне іргерінді зерттеулер жүргізуге мүмкіндік ашылады. Қазіргі таңда мемлекеттік мұрағаттардың бір миллионға жуық тарихи жазба деректері ізденушілерге қолжетімді. Алдағы уақытта толғандырған сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы құжат айналымындағы архив деректері туралы мәлімет алуға болады. Ал құнды құжаттардың қазынасын сандық жүйеге енгізудің маңыздылығына тоқталған «InesSoft» жобасының жетекшісі Әлия Байдүйсенова алдағы уақытта кез келген ізденуші архив дереккөздеріне бірегей электрондық қор арқылы қашықтықтан қол жеткізе алатындығына тоқталып, бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.
Шараға қатысқан Кино-фото құжаттар мен дыбыс тасбалар орталық мемлекеттік архиві, Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік архиві және ҚР Президенті Архиві мамандары ақпаратты сақтау және реттеудің оңтайлы жолдарын қарастыру туралы пікірлерін білдірді.
Эльвира Серікқызы,
«Еqemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ