Қаржыгерлер болса банктердің экономикадағы кредиттер портфелі төмен деңгейде – 3 пайыз ғана екенін айтып жатыр. Ұлттық банк сайтында жарияланған мәліметтерге сенсек, ипотекалық несие ресімдеу айына 2018 жылдың соңғы тоқсанында әр ай сайын 1,8 пайызға өскенін, 2019 жылдың қаңтар айында 1,3 трлн теңгеге жеткен.
Өңірлер арасында бұл көрсеткішті 3 пайыздан асырған үш облыс бар: Қостанай (+5,8 пайыз – 40,6 млрд тг), Ақтөбе (+3,3 пайыз – 73,7 млрд тг) және Батыс Қазақстан (+3 пайыз – 44,9 млрд тг).
Баспана сатып алуға берілген займдардың жартысынан көбін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қамтамасыз еткен.
Аталған қаржы институтының елдегі ипотекалық протфельдегі үлесі 2018 соңында 51,4 пайызды көрсетіп тұр. 2017 жылы бұл көрсеткіш 42,4 пайыз болған еді. ТҚЖБ қызметіне Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына тарапынан сұраныс жоғары. Сондықтан банк 2019 жылдың бірінші жартысында осы аймақтан жаңа филиал ашуды жоспарлап отыр. Қазір сол облыстың 70 мың тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкте шот ашыпты. Тұтастай алғанда былтыр елімізде 12,5 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріліпті. Былтыр бұл көрсеткіш 11,2, млн шаршы метр болды. Ал 2014 жылы 7,5 млн шаршы метр болатын.
Ұлттық банк жанынан тұрғын үйді қаржыландырумен айналысатын жаңа ипотекалық компанияның ашылады деген хабар 2017 жылдың басты жаңалығы болды.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ басшысы Үміт Шаяхметова өткен аптада журналистермен кездескен кезде ипотеке арқылы баспаналы болғысы келетіндер «7 – 20 – 25» бағдарламаға үміт артатынын, оның өте күрделі жоба екенін, оны қолданысқа енгізу мен бақылаудың қиынға соғатынын айтты. «Бұл арзан ипотеканы 25 жылға алу мүмкіндігін береді. Бұл халықты қолдау мақсатынан туып отыр. Бағдарлама туралы түсіндірме жұмыстары ел арасында жүргізілген жоқ. Тек қана Ұлттық банктың еншілес компаниясы пайда болатыны ғана белгілі», –дейді Үміт Шаяхметова.
Оның пайымдауынша бұл схеманы жүзеге асыру әзірге қиындау. «Біз екінші деңгейлі банктерге 3 пайыздық айырым () ақша беру және қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме – 7 пайызбен беру туралы ұсыныс енгіздік. «Бұл аталған бағдарлама ақшаны тез игеріп кетуге мүмкіндік береді. Себебі банктер пайызсыз жұмыс істей алмайды. Онда мемлекет үнемі банктерге көмектесіп, капитал салып отырады. Біз сүйеніп отырған орташа маржа – операциялық шығындар, желіні қолдау, қызметкерлерге жалақы беру деген сияқты қызметтерге кетеді. Мемлекет тарапынан 3-4 пайыз банк маржалары болса деп айтып отырмыз», – дейді Үміт Шаяхметова.
Үкімет бағдарламаның сәтті жүзеге асуы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметімен шектеліп қалғысы келмейтіні 2018 жылдың екінші жартысында белгілі болды.
Ипотека нарығында Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) және «Тұрғын үй құрылысжинақ банкі» өз қызметтерін жалғастыра береді. Алғашқысының жарғылық капиталы Ұлттық банк қаражаты негізінде қалыптасады. Себебі «7 – 20 – 25» формуласы бойынша ұсынып отырған жаңа ипотекалық кредиттерді сатып алу үшін оған капитал керек.
Екінші кезең – аталған компаниялардың қаржылық агенттік ретінде қалыптаса бастауы. Компаниялардың облигациясы үшін – мемлекеттік құнды қағаздарға салынғандай салық жүйесі салынады. Бұл тұрғыда Ұлттық банк тиісті заң жобасын Үкіметке жолдайды. Үшінші кезең – тұрғын үй бастамасы ұсынып отырған жаңа мүмкіндік – әр адамға берілетін жеңілдік шарты. Сарапшы Антон Смирнов бағдарламаның «ұзын арқан, кең тұсауға» салынып кету қаупі осы жерде туып тұрғанын айтады. Себебі бұл институттың болашақ салымшылары қаржылық тұрғыда төлем қабілеттілігін растауы тиіс. Әзірге бағдарламаға ресми табысы бар қазақстандықтардың ғана қатысу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ал ресми табыстың мөлшерінің қандай болатыны әзірге белгісіз. «Бұл көрсеткіш құрылыс компанияларының қандай материалдарды қолданатынына байланысты болмақ. Егер, баршаға бірдей қол жетімді деген талаппен болса, ол тұрмысы ортадан төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік бағдарлама шеңберінен аса алмайды. Бұл жоба бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің көтермейтіні жайлы БАҚ беттерінде айтылып жүр. Сондықтан, мамандар алдағы уақытта осы бағдарлама шеңберінде жалға берілетін әлеуметтік жатақханалар салуды қаперге алып жүруі тиіс» , –дейді сарапшы Антон Смирнов
Қазір әлеуметтік бағдарлама бойынша несиелендіруге құқы бар банктер салымшыларға қатысты нақты талаптарды қайта қарап жатыр. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев соңғы жылдары ипотекалық несиелердің сүйкімін кетіріп жіберген кейбір талаптар міндетте түрде қайта қаралады екен.
ТҚЖБ -нің жүгін жеңілдететін қаржы институтының қандай болатыны 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында белгілі болып қалады.
Гүлбаршын САБАЕВА,
«Еqemen Qazaqstan»