Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Қазақ аңыздары мен романдарын мобильді қосымша арқылы оқуға болады

771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлы дала аңыздары» онлайн жобасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильді қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды ortcom.kz.

Қазақ аңыздары мен романдарын мобильді қосымша арқылы оқуға болады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Қор қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани жетістіктерін дамытуға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда және осыған орай «Ұлы дала аңыздары» онлайн жобасы аясында веб-графикалық романдар сериясын әзірлеуді қолға алып, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильді қосымшасы н әзірледі», - деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

«Ұлы дала аңыздары» жобасы «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» атты бөлімдерден, сонымен қатар қазақ халқының ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен тарихы мен аңыздарынан тұрады. Барлық аңыздар көпшілікке Қазақстанның киелі жерлері туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді.