Көшбасшылыққа қадам
Жұма, 10 тамыз 2012 19:46
Елордадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта өткен баспасөз мәслихаты осы орталықтың қатысуымен іске асып жатқан «Ғаламдық көшбасшылыққа жету» жобасының бірінші кезеңінің қорытындыларына арналды.
Алдымен сөз алған «Ұлттық медициналық орталық» акционерлік қоғамының директоры Абай Байкенжин «Ғаламдық көшбасшылыққа жету» жобасы туралы әңгімелеп берді. Бұл АҚШ-тың Stemedika компаниясы мен өз еліміздегі Ұлттық-ғылыми орталықтың бірлесуімен бес жылға жоспарланған айтулы жобалардың бірі екен. «Жобаның мақсаты, аты айтып тұрғандай, медицина саласында көшбасшылыққа жету.
Жұма, 10 тамыз 2012 19:46
Елордадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта өткен баспасөз мәслихаты осы орталықтың қатысуымен іске асып жатқан «Ғаламдық көшбасшылыққа жету» жобасының бірінші кезеңінің қорытындыларына арналды.
Алдымен сөз алған «Ұлттық медициналық орталық» акционерлік қоғамының директоры Абай Байкенжин «Ғаламдық көшбасшылыққа жету» жобасы туралы әңгімелеп берді. Бұл АҚШ-тың Stemedika компаниясы мен өз еліміздегі Ұлттық-ғылыми орталықтың бірлесуімен бес жылға жоспарланған айтулы жобалардың бірі екен. «Жобаның мақсаты, аты айтып тұрғандай, медицина саласында көшбасшылыққа жету. Ол бірнеше кезеңмен іске асырылады. Атап айтар болсақ, елімізде халықаралық стандарттардың және хаттамалардың енгізілуі, шетелдік пациенттердің қатысумен бірлескен клиникалық сынақтар өткізу, Орталық базасында FDA (АҚШ) сертификаты бойынша өндірістік зертхана салу, сонымен бірге FDA талаптарына сәйкес АҚШ аймағында қазақстандық жасуша технологияларын сынақтан өткізу және халықаралық патенттер шығару барысында жобада көзделген мақсаттарға жетеміз», – деді орталық директоры.
Аталған жобаның шеңберінде 2010 жылы Ұлттық медициналық орталықта жасуша технологиялары және оларды медицинада қолдану үшін FDA (АҚШ) сертификатымен зертхана ашылған. Осы зертханада АҚШ-тан келетін науқастарды емдеуге келісім-шарт жасалды. Алғашқы пациенттер 2010 жылдың желтоқсанында келе бастады. «Дің жасушалары арқылы трансплантация жасаудың қауіпсіздігі мен нәтижелілігі белгілі болған соң, біз америкалық тараптармен келісім-шартқа отырдық. Бірақ бұл жерде тек америкалық пациенттерді емдейміз деген ой тумауы тиіс. Өйткені, біз ең алдымен өз отандастарымызға көмек көрсетуді мақсат етеміз. Осы зертхана ашылғалы бері өз еліміздің 3 жарым мыңдай тұрғынына дің жасушалары трансплантталды. Сондай-ақ, біз отандастарымызға тегін қызмет көрсетеміз», – деді Абай Байкенжин.
Орталықта өткен баспасөз мәслихатына Stemedika компаниясының директоры Дэвид Хоу, түрлі ауруларға шалдыққан, бірақ дің жасушаларының көмегімен жағдайы жақсарған бірнеше америкалық пациенттер қатысты. Дэвид Хоу Қазақстандағы, оның ішінде Ұлттық ғылыми медициналық орталықтағы дің жасушалары зертханасының әлемдегі теңдессіз зертханалардың бірі екенін, мұнда өз ісінің нағыз шеберлері еңбек етіп жатқанын айта келе, қазақстандық әріптестеріне ризашылық білдірді.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».